Жастар бұл шараны асыға күтеді

«WorldSkills Kazakhstan» – Қазақстандағы техникалық кәсіптерді насихаттайтын, қоғам назарын өзіне ерекше аударған толыққанды инновациялық іс-шара болып саналады.

«Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін WorldSkills,  әлемнің 75 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс.

Чемпионат мақсаты кәсіптік мамандықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау, қол еңбегін қажет ететін мамандықты таңдаған жастарды үздік болуға талпындыру, кәсіптік мамандықтың стандарттарын жоғарылату болып табылады.

Жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру мақсатында «WorldSkills» чемпионаты 2015 жылдан бері облыстың кәсіптік білім беретін колледждері арасында ұйымдастырылып келеді. Инновациялық-технологиялық колледждің студенттері облыстық чемпионатта төрт жылдан бері бақ сынап жүр. Кәсіби сайысқа 2017 жылы 4 студентіміз алғаш рет қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«WorldSkills Kazakhstan–2019» облыстық  чемпионатынан да қанжығамыздың майланбай қалған кезі жоқ. Биылғы «WorldSkills Kazakhstan–2020» облыстық  чемпионатына 4 студентіміз  «Қонақүй ресепшионисі», «Кірпіш қалау», «Құрғақ құрылыс және сылақ», «Сырлау және әрлеу» номинациялары бойынша қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша А.Төретай жүлделі 1-ші орынды иеленіп, І дәрежелі дипломмен,

Ж.Ілесбай «Кірпіш қалау» номинациясы бойынша жүлделі 2-ші орын алып, ІІ дәрежелі дипломмен, А.Тұрсынов жүлделі 3-ші орын алып,

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«WorldSkills Kazakhstan» секілді шаралар жастар арасында кең танымалдылыққа ие. Мұндай байқаулар кәсіп үйренуге ынталандырады. Техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттыру, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау – біздің  алға қойып отырған басты мақсаттарымыздың бірі.

Н.Тоғызбаева, Инновациялық-технологиялық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз