ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ


Қазіргі таңда коронавирус індеті дүние жүзін дүрліктіріп, әлемді әбігерге салып тұр. Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы індетке байланысты Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Бұл отырыс бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған қадам десек қателеспейміз. Президент бұл жиында елдегі қоғамдық тәртіптің сын көтермей тұрғанын атап өтті. Себебі, қазіргі таңда жалған ақпарат таратып халықтың арасында араңдатушыларда аз емес. Құқық қорғау органдары осындай жөнсіздікке қатысты қатаң түрде қылмыстық кодекстің 174- бабына сәйкес жауапқа тартылатынын жеткізді. 
Індеттің екінші толқыны басталып, күннен-күнге қаупі күшейіп келеді. Таралу жылдамдығы еселеп артқандай. Сондықтан Президент тарапынан соңғы қабылданған қатаң карантиндік шаралар елге тек пайда әкелері хақ.
Мемлекетіміз қауіпті індетті тізгіндеуде көптеген жұмыс атқарып жатыр. Алайда, ел ішінде қамсыз, бей-берекет жүргендер жеткілікті. Санитарлық нормаларды сақтамай, той тойлап жүргендер де көп. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде бәрімізді тәртіпке бағынып, індетті бірге жеңуге шақырған Мемлекет басшысын қолдаймын.


Келес ауданы Жастар ресурстық орталығы КММ-нің заңгері
Айбек Ташкенбай
Пікір қалдырыңыз