Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы «14 күн – 14 ой» жобасын бастады

Бұл жобаға танымал адамдармен қатар білікті халықаралық деңгейдегі психологтар және дәрігер мамандар шақырылған.

14 күндік карантинге байланысты Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы әлеуметтік желіде «14 күн – 14 ой» атты танымал жұлдыздармен мега жоба бастады.


Оның негізгі мақсаты пандемияға байланысты жастардың ерік – жігерінің мұқалмауы, үздіксіз дамуына ықпал ету. Сондай-ақ қоғамдық, танымдық және психология тақырыптарын бірлесе талқылау әрі қызықты идеялармен бөлісу.


Бұл жобаға танымал адамдармен қатар білікті халықаралық деңгейдегі психологтар және дәрігер мамандар шақырылған. Осы кезге дейін елге белгілі журналистер Данияр Есен, Асхат Садырбай, Джиу-джитсудан Азия ойындарының жеңімпазы Дархан Нортаев, Халықаралық дәрежеде куәландырылған психолог Мөлдір Болатқызы оқырмандармен қызықты эфир өткізген.


Алдағы уақытта білікті дәрігерлер мен танымал әнші-актерлер қатысады деп жоспарлануда.  

Пікір қалдырыңыз