ЕН ДАЛА ЕНШІМІЗДЕ ҚАЛУЫ КЕРЕК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы уақытқа дейін 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылғанын айтты. «Жер шетелдіктерге сатылмайды - бұл мәселеге енді оралмаймыз" деп кесіп айтқан мемлекет басшысының сөзі  мынадай қиын кезде көңілімізге қуаныш ұялатқаны рас. Қанша жыл осы мәселені сөз етіп, әсіресе ақын-жазушылар айтудай-ақ айтып, жазудай-ақ жазып келді. Енді біз де Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің биыл аяқталатынынына сенеміз. 
Құдай қазақтың пейіліне сай кең-байтақ жер берген деуші едік. Президент айтқандай, ұшса құстың қанаты, шапса тұлпардың тұяғы талатын ен дала енді өз еншімізде қалуы керек.


Әлібек ШЕГЕБАЙ,
Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облысы филиалының төрағасы.
Пікір қалдырыңыз