Бұл жағдайдан сабақ аламыз


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде әлемде пандемияға байланысты жағдайдың күрделене түскенін айтты. Біздің елде де жағдай оңай болып тұрған жоқ. Мемлекпт басшысы:"Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз" деді.
Дегенмен бүгінде мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты. Сондай-ақ 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Президент халықты бүкіл күш - жігерді жинап, індетпен күресуге шақырды.
Қазіргідей алмағайып кезеңде алыпсатарлар да дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп сатып, есіріп отырғаны белгілі. Президент осы үшін олардың жауапқа тартылатынын айтты. Бүгінде елді мекендерді қажетті дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Егер ел болып сабырлылық, ұстамдылық танытсақ, жалған ақпаратқа сенбесек, күйзеліске түспей бірлігімізді сақтасақ қиындықты жеңіп шығуға болатынын Президент қадап айтты. Мұны еліміздің әр азаматы жете түсініп, сақтық шараларын қатаң қадағалап жүрсе  жақындарына жанашыр болса қиындыққа төтеп береріміз анық. Ұйымшылдықпен ғана сынақтан сурінбей өтетінімізге сенім мол.


Надира Сырлыбаева, "Жарқын өмір" қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Пікір қалдырыңыз