Түркістан облысы полицейлері өзінше билік етіп, тұрғынның сөмкесін алып кеткен ерлі-зайыптыны ұстады

Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ол Кентау-Түркістан бағытында қоғамдық микроавтобусқа отырған. Содан көлік ішінде өзіне таныс емес ер азамат және оның әйелімен сөзге келіп, жанжалдасып қалады. Көлік ішіндегі дау ушығып бара жатқасын жүргізуші жол бойында көлікті тоқтатады. Осы сәтте жәбірленушінің жерге түсіп қалған сөмкесін күдіктінің бірі өзінше билік етіп алып қойып, екеуі басқа көлікке мініп кетеді. Жәбірленушінің сөмкесінде 150 000 теңгеге жуық ақшасы, құжаттары және 85.000 теңгелік ұялы телефоны болған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркелді. Орын алған оқиғаға тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер сол күні бірнеше сағатта бейнебақылау камералары арқылы күдіктілерді ұстады. Бас шарасы "қолхатта". Тергеу барысында күдіктілер ашу үстінде осындай әрекетке барғандарын жеткізді. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды. Өз кезегінде күндізгі уақытта сөмкесінен айырылып қалған тұрғын «Полицейлерге күдіктілерді құрықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Жұмыстарына табыс тіледі».

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Пікір қалдырыңыз