Халықтың амандығы - мемлекеттіктің тұтастығы

Мемлекеттіміздің бас санитарлық дәрігерінің пандемиямен тұтас халық болып күресудің келесі баспалдағын ұсынуы заңды.

Еліміздегі карантин режимін ұзарту - індеттің халық арасында жылдам таралуын тежеудің жалғыз оң шешімі. Қазіргі уақытта әр қала, облыс өз деңгейілерінде пандемияға қарсы күресті жүргізіп жатыр. Алайда індет жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар жөніндегі сағат сайынғы ақпарат көрсеткіші көңілге медет, жанға жұбаныш емес.

Мемлекеттіміздің бас санитарлық дәрігерінің пандемиямен тұтас  халық болып күресудің келесі баспалдағын ұсынуы заңды. Цой мырза айтқандай, тамыз айындағы 27 000 адамның індет жұқтыруы ықтимал болжамының  расқа айналмауы үшін мемлекеттік деңгейде айлық қатаң карантин режимі енгізілгені дұрыс. Өйткені осы сәттің өзінде, аймақтар мен өңірлердің инфекциялық ауруханаларында жатын-жай, орын жетіспеушілігі бар. Ал шағын қалалардағы дәріханаларда аса ауыр жағдайдағы науқастарға арналған дәрі-дәрмектің жоқтығы білініп отыр. Түсінемін, халықтың ойында, көкейінде бір сұрақ - "бәрі карантинге қайта жабылса, біз қалай күн көреміз?" және бұл сауалдар саналы қоғам үшін әбден орынды. Айтарымыз Ел тізгінін ұстаған азаматтар бұл жағдайды есепке алмай, елді карантинге жаппайды.

Амалбек Өміртай.
Пікір қалдырыңыз