Талапқа түсіністік танытайық

Ұлы даланың қыран тектес ұрпағы аман болсын.

Бүкіл әлемді шарпыған алапат дерт елімізді де айналып өтпеді. Халқымыздың басына түскен ауыртпалық бірігуді, асқан ұйымшылдық пен төзімді талап етуде. Сан ғасырлық ғұмырында қазақ халқы талай нәубатты бастан кешірді. Бұл қиындықтың да өткінші екені сөзсіз. Сабыр мен қанағаттың, тәртіп пен қанағаттың сыналар сәті келіп тұр. Қазақ қандай қиындықта да бел алдырмаған, келер күннен үмітін үзбеген қайсар халық. 

Бүгінгі жағдайға байланысты мерзімі ұзартылған карантиндік режим елдің ертеңі үшін қажет. Бүгінімізге сақтықпен қарасақ, ертеңгі күніміздің шуақты болары сөзсіз. Сондықтан да талапқа түсіністік танытқанымыз абзал. Бабаларымыз денсаулықты бірінші байлыққа текке теңемеген болар. Өзімізге күтіммен қарау арқылы өзгелерді қауіптен қорғай  аламыз. 
Ұлы даланың қыран тектес ұрпағы аман болсын.

Жазира Жаппарқұл
Пікір қалдырыңыз