Жер-ана жерге қаратпады

Жетісай ауданындағы Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Жұпарбек Керімбеков өз кәсібін үйіргелік егістен бастаған. Шаруа алғашқы кезде ауласындағы 15 сотық жеріне қызанақ егіп, 1 қорабын 2500 теңгеден саудалап, қомақты табыс тапқан.

«Бақшадан пайда тауып, кәсіп ашамын деп еш ойламадым. Кейін уақыт өте келе үйіргелік жерден егістік жерге өтіп, диқаншылық жасауға көштім. Қазір баялдының өзінен 5 миллион теңге көлемінде пайда таптым. Құдайға шүкір, еңбектің арқасында жағдайымды жақсартып, бала-шағамды оқытып отырмын. Ерінбей еңбек етсең, Жер-ана жерге қаратпайды» дейді жетісайлық диқан.

Айта кететін болсақ, баялдының көтерме бағада 1 келісі 270 теңгеден саудаланып жатыр. Аталмыш бақша дақылы гектарына 25 тоннаға дейін өнім береді.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз