“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” республикалық акциясы жалғасуда

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы таңда өз жалғасын таппақ.

Шымкент қаласының 4 ауданында зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу республикалық акциясы жүргізілуде. Акцияның мақсаты атқарылып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру және қоғамда отбасының рөлін нығайту.

Акция аясында Абай және Қаратау ауданының Полиция басқармалары жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері “Ана үйі” қоғамдық қоры мен “Қызыл-ай” қоғамының дағдарыс орталығында қыз-келіншектермен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары жайлы ашық әңгіме жүргізді.

Шымкент қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлерімен осы бағыттағы жұмыстар алдағы таңда өз жалғасын таппақ.
Пікір қалдырыңыз