Қазақстан Президентін Жеңіс парадына шақырды

Ресей тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар COVID-19 пандемиясына қатысты қазіргі ахуал мен індеттің таралуына қарсы күреске байланысты екі елдің қабылдаған шаралары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты талқылады.

Әңгіме соңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды. Қазақстан Президенті шақыртуды ризашылықпен қабыл алды.

 

Пікір қалдырыңыз