Қарбыз пісті

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егілді. Соның 10 636 гектарына пленка астындағы қауын, ал, 2819 гектарға қарбыз егілген.

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан «Тың» ауылының диқаны Мүйтенбаев Бекжігіт өз иелігіндегі 1 гектарға пленка астында ерте пісетін қарбыз егіп, 25 тонна өнімді Ресейге жөнелтті.

«Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін «Долбый» атты сортын екі қабат пленка астына ектік. Ауа райы қолайсыз болған кездерде уайым басты. Алайда, барлығы ойдағыдай аяқталып, өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты» дейді шаруа.

Жетісай ауданы бойынша бүгінде 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны піскелі тұр.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Пікір қалдырыңыз