Кентау – туризмді дамытудың жаңа мүмкіндігі

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласындағы Қаратау қорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Әлеуетті инвесторларға жаңа жобалар ұсынылуда.

Жалпы ауданы 230 гектар жер телімі анықталып, оның 50 гектарында туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Бұл Кентау қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін танытумен қатар, өңірге келуші туристердің санын арттыруға және жаңа туристік бағыттардың дамуына тың серпіліс бермек.

Жалпы, Қаратау қорығының аумағы – 34 мың гектар. Онда Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер мен жан-жануарлар мекен етеді. Кентау қаласы әкімдігі биыл Хантағы туристік аумағына апарар 8 шақырым жолды реттеп, вело-жолақ салып, жарықтандырмақ.

 

Пікір қалдырыңыз