БІЛЕКТІ ЖҰМАХАН

Болашақ маман қазіргі таңда Ордабасы аудандың полиция бөлімінде тәлімгерліктен өтіп жүр.

Полиция қызметкерлері болу жоғары біліктілікпен бірге білек күшін де талап етеді. Бүгінде тәртіп сақшыларының барлығы дерлік спортты жанына серік еткен. Ал, олардың арасында облыстық, республикалық сайыстардан топ жарып, жүлдегер атанып жүргендер аз емес. Солардың бірі - Жұмахан Сейдірахманұлы. Бүгінде ол ҚР ІІМ қарасты Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алуда. Болашақ маман қазіргі таңда Ордабасы аудандың полиция бөлімінде тәлімгерліктен өтіп жүр. Білікті мамандардың қасында тәжірибесін шыңдауда.

Жұмахан Отырар ауданы, Көкмардан ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң бала күнгі арманы тәртіп сақшысы болуды қалайды.

-Полиция болуыма аттас атам, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болған, отставкадағы полиция подполковнигі Жұмахан Әбдіқадыров себепкер болды. Атамның қызмет бабындағы жетістіктерін көріп өскен мен өскенде атам секілді абыройлы полиция боламын деп шештім, – дейді ол.



Бала Жұмахан жастайынан спортқа бейім болып өскен. 9 сынып оқып жүргенінде қазақша күреске қатысқан. Сол тұстары облыстық жарыстарда жүлделі орыннан көрініп, алғашқы нәтижелерімен көрінді. Ал, жоғары оқу орнына түскен соң, самбодан жаттығуды бастайды. Қазір жауынгерлік самбодан республикалық жарыстардың жеңімпазы. Әрі спорт шеберлігіне үміткер.

-Қостанайда оқып жүргенде 82 салмақ дәрежесінде 8 рет облыстық сайыстан жеңімпаз атандым.  Семейде, Қарағандыда өткен жарыстардан үшінші орынды иелендім. Қазақстан чемпионатында бірнеше дүркін чемпион болдым. Алдағы уақытта да жаттығуды жалғастыра беремін, – дейді  Жұмахан Сейдірахманұлы.



Қазір Жұмахан Ордабасы АПБ ЖПҚ УПИ қызметін атқарып, тәлімгерліктен өтуде. Арманы асқақ ұлдың мақсаты да айқын. Ол жүктелген жұмысты абыроймен атқарып, қоғам тыныштығын күзету.

 

Қайрат ЗАЙНИШЕВ,

Түркістан облысы.

Пікір қалдырыңыз