ЕАЭО тауардың кедергiсiз қозғалысын реттеу қажет

«Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдың лайықты тетіктерін ұсыну қажет. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы онлайн отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты» деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзара тауар айналымы көлемінің сақталып, арта түсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оның номенклатурасы мен балансының әртараптандырылуын қамтамасыз ету маңызды. Індет кезінде туындаған барлық шектеулер мен кедергілерді кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қажет. Біздің денсаулық сақтау, санитарлық-ветеринарлық және бақылаудың басқа да салаларындағы ведомстволарымыз дағдарыстан сабақ алып, бір жағынан азаматтарымыздың қауіпсіздігін, екінші жағынан тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдың лайықты тетіктерін ұсынуы тиіс» деді Қазақстан Президенті.

 

Пікір қалдырыңыз