Жаңа заңнамалар түсіндірілді

Таяуда Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен кездесті. Оған ауданға қарасты құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысты. Кездесуді аудан прокуроры Жасұлан Әділбайұлы ашып, жаңадан қолданысқа енгізілген құқықтық құжаттардың маңыздылығына тоқталды.

– 2019 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға қол қойды. Кейбір қылмыстарға жаза ауырлады, айыппұлдар өсті. Мал ұрлығына қатысты бап бөлек қарастырылып отыр. Енді бұл қылмыс бойынша «теріс қылық» пен «орташа ауыр қылмыс» деген анықтама болмайды. Ал, жазасы күшейтіліп отыр. Жазаның күшейтілуі қылмыстың алдын алуы тиіс, – деді аудан прокуроры.

Қазіргі таңда шаһардағы №3 пробация қызметі бөлімінде 52 адам тіркеуде тұр. Олардың көбі аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. Алдағы уақытта есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мүмкіндіктері қарастырылмақ.

М.КӨШЕРБАЕВ, №3 пробация қызметі бөлімінің инспекторы, әділет майоры. Шымкент қаласы.

 

Пікір қалдырыңыз