МЕНІҢ АТАМ МАЙДАНГЕР

Кешегі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. 1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Сол сұрапыл соғыс жылдары уақыт өткен сайын ұмытыла бастағанмен, оның қасіреті мен жарасы әлі күнге дейін жазылар емес.

Менің атам Әбсаттар Қожахмет те Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бабайқорған ауылында туып-өскен атам 1942 жылдың қыркүйек айында әскер қатарына алынады. Отаным, Елім, Жерім деп өз еркімен майданға аттанды.

Атам пойызға мініп Батаийсктен түсіп, ары қарай Можайск арқылы Новороссийскіні жау қолынан азат етуге қатысқан. Солдаттармен бірге жеңіске жетудің жолында кеудесін оққа тосты. Бірде өзен жағасындағы ұрыста неміс әскерлерін талқандап, жанындағы әскерлерді аман алып қалады. Сөйтіп, соғыста жүріп өзінің ер жүректігімен, батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосқан. 

Бірде он күн бойы полкте аш жатыпты. Немістердің ордасынан дивизия генералын тұтқындап та алып келген кезі болыпты. Бұл ерлігі үшін батыр атағына да ұсынылған екен. Бірақтан, соғыстағы ерлігі үшін арнайы марапатты ала алмады. Себебі, кескілескен шайқаста аяғына оқ тиіп, ауыр жараланып жатқан жерінен госпиталға жіберілген. Осы жарақаттың салдарынан бір аяғынан айырылып, 1943 жылы күзде елге оралады.

Мақтаарал ауданында, кейін Бабайқорған ауылында еңбек етті.  Жұбайымен 9 ұл, 3 қызды тәрбиелеп өсіріп, олардың 20 немере, 31 шөбере тарады. Бүгінде Ұлы Жеңіс жеңімпазының ұрпақтары әрбір салада абыройлы қызмет етіп келеді.

Отанын қорғаудағы жауынгерлік еңбегі еш кетпеген екен. 1985 жылы 6 сәуірде «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» І дәрежелі Ұлы Отан соғысының батыры медальмен марапатталды. Бірақ, ол медальді қаншама жыл өткен соң ұрпағының көруіне Алла нәсіп етіп отыр.

Өмірі өнегеге толы атамызды біз әрдайым мақтан тұтамыз. Әрі, жеңіс жеңімпазының ұрпағы екенімізбен мақтанамыз.

Жадыра ҚОЖАХМЕТОВА


2 пікір

  • жанерке
    жанерке

    менің ойым мында өз атамыз майданға катышып коргенд адамдәр бул кезеңдерде атамызауреш барар алдында оған жая ауданы барған

  • Камила Ходжахметова
    Камила Ходжахметова

    Ер жүрек батырымыз, біздің атамыз! Жаным ата жаныңыз жəннəтта болғай!

Пікір қалдырыңыз