Балалар белгілі боксшымен сұхбаттасты

«Оңтүстік Қазақстан» газеті

Қазақ елі соғыс уақытында да еңсесін тік көтеріп, батырларымыз бен ақын- жазушыларымыз өздерінің ерлік істерімен және өлең-жырларымен халықты рухтандырып, әрдайым жігерлендіріп отырған қайсар халық емес пе? Бүкіл әлемді шарлаған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап қашықтықтан жұмыс жасап, балалар онлайн сабаққа көшті. Осындай сын-сағатта «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы да балдәурендік жас достар мен қашықтықтан тығыз жұмыс жасап, балалар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырып, танымал өнер жұлдыздары, спорт майталмандары, ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырды. 

 

    Осы орайда 2020 жылдың 4-мамырында Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем кубогының қола жүлдегері, ҚР Президенті кубогының, Таиланд королі кубогының, "Химиктер кубогының" ("кіші әлем чемпионаты") жеңімпазы, Біржан Жақыпов мырза, балдәурендік достармен онлайн кездесті. Балалардың көкейіндегі алуан түрлі сұрақтарына жауап беріп, спорт саласындағы жинаған тәжірибесін бөлісіп қана қоймай, спортта жеңістің оңайлықпен келмейтінін, тыңғылықты еңбектену керектігін атап айтты. Балалар Жақыповты жақыннан танып, жүзбе-жүз көргендей әсер алып, сұрақтарын жаудырды.  

    

   Жақыповты ел алғаш рет 2005 жылы таныды. Мяьнмада өткен ересектер арасындағы әлем біріншілігінде 23 жасында қола жүлде олжалаған, қазақ боксшылары арасында үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан жалғыз боксшы. Десе де қазақтың қарапайым қара баласы спорттағы мансабын тоқтатқанымен, шәкірт тәрбиелеуде еңбегін жалғастыруда. Өмірде өз жолын тапқан адамға бір кісілік орын бар, өзінің артынан ерген ізбасарларына, спорттың қыр-сырларын үйретіп келеді. Алдағы уақытта ел намысын қорғайтын, талай чемпиондарды тәрбиелейтініне біз сенеміз. Біржан алтын уақытыңызды бөлгеніңіз үшін сізге алғыс білдіреміз, еңбегіңіз жанып, битіктерден көріне берейік! Жеңісті күндерде жолыққанша... 

    

Қанаева Салтанат Мельдебекқызы

«Балдәурен» РОСО филиалы

Әдістемелік бөлімнің әдіскері

Пікір қалдырыңыз