ҚАЙРАТ ТҰРЛЫХАНОВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

«Оңтүстік Қазақстан» газеті

Бүгін белгілі қоғам қайраткері, ҚР Ауыр атлетика федерациясының құрметті Президенті Қайрат Тұрлыханов өмірден озды. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының ресми сайты хабарлады.

«Бүгін ҚР Ауыр атлетика федерациясының құрметті Президенті, Азия ауыр атлетика федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Қайрат Тұрлыханов өмірден өтті. Федерация ұжымы атынан Қайрат Болатұлының отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз» делінген сайтта.

Қайрат Болатұлы 1960 жылы 23 қаңтарда ШҚО, Аягөз ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін, 1988 жылы «Қайнар» университетін, 1999 жылы Еуразилық сауда институтын бітіреді. 2001 жылы Семей қаласының әкімі болып тағайындалған. Саналы ғұмырын елге қызмет етуге арнаған Қайрат Болатұлы «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. 


Пікір қалдырыңыз