Жаңа Заңда көптеген әлеуметтік жеңілдіктер бар

Сонымен қатар Заң аясында анықталған ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатының ішінде біздің де мәртебемізге мән беріліп отыр.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламентіне, Үкіметке жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленген. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдік пен кепілдік топтастырылыпты.

Сонымен қатар Заң аясында анықталған ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатының ішінде біздің де мәртебемізге мән беріліп отыр.

Жаңа заңда Ауғанстандағы және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жатқызу, олардың санаттарын кеңейту, интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыльдағы апат салдарын жоюға қатысушыларын, сондай-ақ Социалистік Еңбек ерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шаралар да күшейтілгенін байқап отырмыз. Яғни бұдан былай Заң бойынша Ауғанстандағы, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер соғыс қимылдарының ардагерлері санатына өтеді. Сонымен қатар барлық қолданыстағы жеңілдік пен жәрдемақы сақталмақ.

Иә, Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігіндей ұлы болуы керек. Бүгінгі таңда Төлеби ауданында 2 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Олардың алдында бас иемін. Мемлекет басшысы  қол қойған жаңа заңда ардагерлерге қандай жеңілдіктердің және жәрдемақының берілу көлемі де нақтыланыпты.

Мәселен, "Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар үшін 138,63 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы енгізілген. Ал Социалистік Еңбек Ерлері үшін жәрдемақы мөлшерін 138,63 АЕК-ке дейін арттыру көзделген. 

Сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 2,13 АЕК-тен 4,8 АЕК-ке дейін арттырылмақ.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, аталған адамдарға Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер үшін, оның ішінде тұрғын үйге кезекке қою, салық салу, тегін медициналық қызмет көрсету, санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету және басқа да бойынша қолданыстағы барлық құқықтар мен кепілдіктер берілетін болады.

Күмісбек Өтебаев,

Төлеби аудандық ауған соғысы ардагерлері

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.






2 пікір

  • Бердиева Кунсулу/атам аты Абдуллаев Орунгали Ауған соғыс ардагері
    Бердиева Кунсулу/атам аты Абдуллаев Орунгали Ауған соғыс ардагері

    Саламатсызба! Ауған соғыс ардагеріне тұрғын үйді жекешелендіруге боладыма сол заң күшіне енді ме? 2016ж берилген тұргын уй кезегімен алынган уйді жекешелендіруге женилдікке жатпайды деп отыр жергілікті әкімшілік онын жолы барма, жауап алгым келеді

  • Абитаев бектуре
    Абитаев бектуре

    Ауган соғысы ардагерлеріне берилетин жардемакы молшери канша

Пікір қалдырыңыз