Ардагерлердің абыройы артқан күн

Қасым-Жомарт Тоқаев көптен бері көңілдерді күпті етіп келген проблемалардың түйінін тарқатты.

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қою арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптен бері көңілдерді күпті етіп келген проблемалардың түйінін тарқатты деп ойлаймын.  

Ұлы Отан соғысына қатысушылар ғана емес осы санатқа теңестірілген азаматтар да әлеуметтік көмек алуға құқылы болып отыр. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген азамар, "Құрмет", "Даңк", ІІІ дәрежелі "Еңбек" даңқының орденінің иегерлері, Қазақстанның Еңбек ері атағына ие болған азаматтар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген, әскери қызмет атқарған және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық ерлігі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО ордені және медальдермен марапатталған адамдар ала алады.

Заң жобасын дайындаған министрлік өкілдері бұған дейін де түсіндіргеніндей заңдық күші бар құжатта "Егер тұрғын үй заңына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бірінші кезекте пәтер пайдалану құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар оларды біржолғы бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуі керек. Жеке тұрғын үй салу үшін біржолғы бірінші кезекті жер учаскелерін алу құқығы, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзі тұрып жатқан пәтерлердің еліміздің тұрғын үй заңнамасына берілген тәртіппен меншігіне беруі қарастырылады" деп көрсетілген. Бұл ардагерлерге үлкен қолдау.

Ардагерлердің абыройы арта берсін.


Мұхаддас НАҚЫПБЕКОВ,

Бәйдібек аудандық мәслихатының хатшысы.

Пікір қалдырыңыз