ПАРАДАН БАС ТАРТҚАН ПОЛИЦЕЙ

Полицейге пара ретінде 15 мың теңге ұсынбақ болған.

Шымкентте пара ұсынған жігіттің әрекеті әшкереленді. 23 жастағы қала тұрғыны ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша, яғни төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауын сұрап, Абай аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Нарымбетовке пара ретінде 15 000 теңге ұсынбақ болған. Полиция қызметкері бұл туралы қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, пара берушіні ақша беру үстінде ұстады. Аталған жайт қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігінде (пара беру) көзделген қылмысқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз