Жеті жүзге жуық тұрғын төтенше жағдай тәртібін бұзған

Елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Осы кезеңдерде облыс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 693 жайт анықталды.

Оның ішінде 206 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл (5 461 060тг) салынды. 226 азаматқа ескерту беріліп, 93 азамат әкімшілік қамауға алынды. Сотта 168 іс қаралу үстінде.

Мәселен, карантин енгізілгеніне қарамастан, Түркістан қаласындағы көше бойында орналасқан асханалардың бірі тоқтаусыз жұмыс істеген. Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде орналасқан автокөлік жуу орны шектеулерге қарамастан жұмысын тоқтатпаған.

Аталған жайт бойынша автокөлік жуу орнының егесіне қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы, яғни «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырылып, сот қарауына жолданды.        

«ОҚ» ақпарат

Пікір қалдырыңыз