ВЕРА ӘЖЕЙДІҢ ҮЙІНДЕ...

Әскерилер соғыс ардагерлерінің үйіне барып, шаруашылық жұмыстарына көмектеспек.

Биыл Ұлы Жеңіске - 75 жыл. Осыған орай 10216 әскери бөлімі «75 күн» атты қайырымдылық акция өткізуді ұйғарып отыр. Акция аясында әскери қызметшілер ардагерлердің үйіне барып, шаруашылық жұмыстарына көмектеспек.

Жуырда бөлім командирі Орынбасар Жұбанов, тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, майор Сәбит Сыздықов және бөлімнің ардагерлер қоғамының төрағасы, запастағы майор Қанат Сматов бір топ әскери қызметшілермен бірге Шымкент қаласында тұратын 97 жастағы соғыс ардагері Вера Степанқызы Утробинаның үйінде болды. Мұнтаздай болып әскери киім киген сарбаздарды көргенде Вера апамыз көзіне жас алып, бейбіт күнде Отан қорғап жүрген әскери қызметшілерді құшағына алды. Командир бастаған бір топ әскерилер ауланы сынған ағаштардан тазалап, керек-жарағын реттестіріп берді. Жұмыс біткен соң, сарбаздар Вера әжейді ортаға алып, соғыстың сұрапыл күндерінен сыр бөлісуді өтінді.

 

Берік ӘБЕНОВ,

10216 әскери бөлімінің офицері, майор.

Шымкент қаласы.

Пікір қалдырыңыз