ЖЕМҚОРЛЫҚ: 3 АЙДА – 46 ҚЫЛМЫС

Жыл басынан бері бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша 32 қылмыс тіркелген.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мәлімдеді. Оның айтуынша, жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 69 қылмыс тіркелсе, оның 46-сы сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар.

        -Өткен жылы бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша 11 қылмыс тіркелсе, жыл басынан бері осы сипаттағы қылмыс саны 32-ге артқан, - деді Мирас Асқарбайұлы.                                                                                   

         Дегенмен, спикер мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі түрде орын алатын сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі лауазымды тұлғалардың көлеңкелі экономикаға қамқорлық жасау деректерін анықтауда департамент тарапынан жүйелі жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Д.ЖҮСІПОВ.

Пікір қалдырыңыз