КАРАНТИННІҢ СОЗЫЛҒАНЫНАН ҚОРЫҚПАЙЫҚ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде атап өткеніндей, қауіпті індеттің кең жайылып, елімізді әбігерге салмауы үшін әу баста тез арада әрекет еткен іс-шаралар өз септігін тигізіп жатыр екен. Енді тағы да біршама уақыт шыдай тұруға, үйден шықпай отыруға тура келіп тұр.

Себебі, Президенттің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық сарапшылар да Қазақстанның бұған дейінгі іс-қимылын оң бағалаған. Көшелер, тұрғын үйлер дер кезінде дезинфекциялануының арқасында індет елімізде ауыздықтала бастады. Олай болса әрі қарай да үйде болмағымыз керек.  Әлемді әбіржіткен індеттен бүгінгі таңда 3 миллион адам саңсырап отыр екен. Беті аулақ, біздей аз халықты бұл індет шарпымасын деп тілейік. Ол үшін сақтық шараларын күшейтіп, сабыр сақтай тұрсақ екен.

Алдағы күндердің жарқын боларына сенім мол.  Мемлекет басшысы да бізден осыны қалап отыр. Бүгінгі сабырлығымыз ертеңгі күніміздің жақсы болуына негіз болмақ.

Әлеуметтік желілердегі түрлі алып-қашпа әңгімеге ермей, әркім өз-өзіне жауапты болуы қажет. Ал, Үкімет тарапынан ел азаматтарын қолдау, қорғау шаралары жүріп-ақ жатыр. Оны Президенттің бүгінгі мәлімдемесінен анық оқып білу қиын емес.

 

 

Базарбай МҰСАБЕКОВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Пікір қалдырыңыз