ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАНДАНА ТҮСТІ

Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағыты бойынша 33 азаматтың жалпы соммасы 295 290 000 теңге болатын жолдамасы қабылданды.

Оның 14-не (134 510 000 теңге) үй берілсе, қалған 19-ның (160 780 000 теңге) жолдамасы қаралуда. Жолдама алған азаматтардың 5-еуі Түркістан, 3-еуі Кентау қалаларынан, қалған 25-і аудан тұрғындары.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент филиалы бөлімінің басшысы Нұрлан Сұлтановтың сөзінше, бағдарламаға қатысушыларға қарыз 2 пайызбен беріледі. Мәселен, 10 млн. теңге болатын баспана алса, оны 20 жылға шаққанда ай сайынғы төлем 50 мың теңгені құрайды.

Жалпы Қазақстан бойынша 4113 заем берілсе, оның 3,2 млрд теңгені құрайтын 250 заем Шымкент және Түркістан облысына тиесілі.

Аталған бағдарлама ҚР Президентінің табысы аз мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар үшін тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігін арттыру бойынша тапсырмасын орындау аясында іске асырылған.

Айта кетейік, жалпы еліміз бойынша 2020 жылы "Бақытты отбасы" бағдарламасына 100 млрд  теңге бөлініп отыр.

 

Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі

1 пікір

  • Атакеева
    Атакеева

    Мен калай патерге алу жолы

Пікір қалдырыңыз