«БІЗ ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫЗ»

№8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да өз өнерлерін көрсетті.

     Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен есірткіге қарсы күрес басқармасы  бірлесіп «Мұз сарайында»  іс-шара өткізді. Мұнда  нарколог-дәрігерлер қабылдау жүргізіп,  мамандар жиналғандарға есірткінің  зияны және есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері атқарып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді. 

 

      Қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да өз өнерлерін көрсетті. Олар мәнерлеп сырғанап, шорт-трек спортынан мықты екенін  көрсете білді. Концерттік бағдарлама соңында  жас шайбашылар екі топқа бөлініп сайысып, жанкүйерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

      Шара соңында Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы атынан таланатты жастарға түрлі сыйлықтар тапсырылды.

 

                                                                                 «Оңтүстік»-ақпарат.

1 пікір

  • Албина
    Албина

    Есирткини колданбаган жон

Пікір қалдырыңыз