Студенттердің шәкіртақысы көбеймек

Келер жылдан бастап елімізде бакалавриатта, магистратурада және докторантурада оқитын студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, мемлекетімізде жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысын көтеру өзекті мәселелердің бірі болып келген-ді. Осыған орай, биылғы жылдың қыркүйегінен жұмысшы мамандығында білім алып жатқан 122 мың жастың шәкіртақысы 30 пайызға жоғарылады.

– Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтарынан орта арнаулы білім алатын колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға арттырады. Бұл студенттерімізге үлкен қолдау боларына сенемін, – деді Қ.Тоқаев.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

Пікір қалдырыңыз