ЕРЖАН ҚОЖАБЕКОВ – БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Бүгінге дейін Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Бас прокурордың
бұйрығымен Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры
қызметіне аға әділет кеңесшісі Ержан Қожабеков тағайындалды.
Ержан Базарбекұлы 1973 жылы
дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік
университетіндегі «құқықтану»
мамандығының түлегі.
Прокуратура
органдарындағы еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Бұған дейін Алматы облысындағы
Қапшағай қаласы мен Қарасай ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін
атқарған. Сонымен қатар Алматы қаласының Медеу, Түркісіб, Алмалы
аудандары, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы мен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан
облысына қарасты Созақ ауданының прокуратураларын басқарған.
2018 жылдың мамыр айынан бастап Павлодар облысы прокурорының орынбасары
қызметін атқарып келді. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 21 жыл.
«Оңтүстік»-ақпарат.