"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   
Админ

Админ

ЕЛБАСЫНЫҢ АҚШ-ҚА САПАРЫ БАСТАЛАДЫ

Бөлім:  Билік
Сейсенбі, 16 Қаңтар 2018 10:29

 

«ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк ҚР Президентінің Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде алдағы сөз сөйлеуіне байланысты пікір білдірді» деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТIЛ МАМАНЫ КӨП, САУАТТЫСЫ АЗ... НЕГЕ?

Бөлім:  Әлеумет
Сейсенбі, 16 Қаңтар 2018 10:28

 

Жәмила МАМЫРӘЛІ, «Оңтүстік Қазақстан».

Осыдан біраз уақыт бұрын мектеп бітірген түлектердің басым бөлігі экономист немесе заңгер болуға құмар болды. Білімі мен білігі өзгеден оза шауып тұрмаған соң, қаптаған заңгер мен экономистің бірсыпырасы жұмыс таппай базарға шығып кетті. Уақыт өте келе үкіметтік деңгейде көтерілген бұл мәселенің оң шешімі табылды. Заңгерлік пен экономика мамандығына бөлінетін мемлекеттік гранттың саны азайтылды. Бұл өз кезегінде білімдінің білімдісі ғана осы мамандыққа бөлінген грантты жеңіп алуына мүмкіндік ашты. Қалғаны ақылы негізде оқи беруіне болады. Бірақ, оқу ақысы арзан емес!

ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК МЕДИАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бөлім:  Билік
Сейсенбі, 16 Қаңтар 2018 10:27

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2017 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік медиаторы атанған жерлесіміз Лаура Ақшегіровамен кездесті. Кездесу барысында еліміздегі медиация институтын дамыту мен тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

 

ҚР Парламенті Сена­тының депутаты Әли Бектаев Сайрам ауданына іссапармен барып, Ақсукент елді мекенінде орналасқан «Баракат» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

 

Денсаулық сақтау министрлігінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы бойынша жиын өтіп, маңызы зор құжатқа қызу қолдау білдірілді. Отырыста министрліктің 2018 жылы басымдық берілуі тиіс бағыттары аталды.

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Бөлім:  Билік
Сейсенбі, 16 Қаңтар 2018 10:25

 

2018 жылғы 16 ақпанда сағат 11.00-де Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді.

 

2018 жылы 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимара­тында қоғамдық қабылдау өткізетінін хабарлаймыз.

ЕРТЕҢНЕН БАСТАП...

Сейсенбі, 16 Қаңтар 2018 10:23

 

Жылдағы дәстүр бойынша ауылдық, аудандық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру жиындары басталды. Ендеше, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің әр нөмірін жібермеуге тырысыңыз.

БАПКЕР ДЕ – ҰСТАЗ

Сейсенбі, 16 Қаңтар 2018 10:22

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Шымкенттегі ОҚО кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова өңірдегі спорт саласының өкілдерімен кездесті. Жиында депутат Парламентте «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізілгенін, спортшыларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолғы қабылдау шарасына облыстық сәулет және қала құрылысы, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары қатысып, өңір азаматтарының арыз-шағымдарына жауап берді.

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper