"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


ДАМУДЫҢ ДIҢГЕГI — РУХАНИ БАЙЛЫҚ

| Автор:   Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 11:04
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
ДАМУДЫҢ ДIҢГЕГI — РУХАНИ БАЙЛЫҚ

 

Н.НАЗАРБАЕВ: «Прагматизм – өзiңнiң ұлттық және жеке байлығыңды нақты бiлу, оны үнемдi пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдiкке жол бермеу деген сөз. Қазiргi қоғамда шынайы мәдениеттiң белгiсi – орынсыз сән-салтанат емес. Керiсiнше ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшiлдiк пен орынды пайдалану көргендiлiктi көрсетедi». 

ҚР Президентi Н.Назарбаев осы жылдың басында халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның үшiншi жаңғыруы басталғаны туралы жариялаған едi. Жолдаудағы негiзгi мақсат – әлемдегi ең дамыған отыз елдiң қатарына қосылу. Президент сол мақсатқа жету үшiн «бiздiң санамыз iсiмiзден озып жүруi, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиiс» дедi. Осыған байланысты Елбасы халыққа  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады.

Қазақстанның үшiншi жаңғыруы сияқты рухани жаңғыру да екi жаңғырудан өтiп келiп отыр. Яғни бiрiншiсi, 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елiмiз аумағындағы тарихи-мәдени ескерткiштер мен тарихи нысандар жаңғырды; екiншiсi, 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» жобасы бойынша әлемнiң әйгiлi мұрағаттарындағы төл тарихымызға қатысты құжаттар жүйелi түрде жинақталып, зерттелiндi. Бiр сөзбен айтқанда, рухани жаңғыру – кезең-кезеңiмен атқарылып жатқан елдегi реформалардың жалғасы.

Елбасы ұлттық сананы жаңа сатыға көтеретiн алты бағытты ұсынды. Ол алты бағыт – бәсекеге  қабiлеттiлiк, прагматизм, ұлттық бiрегейлiктi сақтау, бiлiмнiң салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.

Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. Елбасының мақаласында бiртұтас ұлт болып қалу жолындағы ұлттық бiрегейлiктi сақтау, бiлiмнiң салтанат құруы сынды нақты қадамдарды жүзеге асыру мақсатында, ең алдымен, жастар тәрбиесiн басты назарда ұстау керектiгi айтылған.

Қоғамның жаратылысы мен табиғатын «ұлттың рухани кодын» сақтай отырып дамытуға, уақыт талабына сай бағыттауға жұмылдыру – бiртұтас ұлтты қалыптастырудың үлгiсi екенi күмәнсiз. Даму мен өрiстеудiң Елбасы ұсынып отырған сан салалы жолдары мен мiндеттерi осынау Ұлы Дала төсiндегi жаңа тұрпатты Қазақ елiнiң бүгiнгi баянын бекiтiп, ертеңгi болашағын анықтауға жол ашары анық.

Сонымен, Елбасы ой толғап, осы бағыттарды көрсетiп, таяу жылдардағы мiндеттердi нақтылады.

Президент нақты жобалар ретiнде бiрiншiден, қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру мәселесiн ұсынды. «2017 жылдың аяғына дейiн ғалымдардың көмегiмен, барша қоғам өкiлдерiмен ақылдаса отырып, қазақ әлiпбиiнiң жаңа графикадағы бiрыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әлiпбидi үйрететiн мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кiрiсуiмiз қажет» дедi.

Екiншi мiндет ретiнде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды ұсынды.

Қорыта айтқанда, дамудың дiңгегi рухани байлықтан басталары хақ. Ол мәдени, тарихи құндылықтармен сабақтасады. Демек, оны жаңғырту – заман талабы. Бұл өркениеттi елдер қатарына қосылу үшiн де маңызды. Мақаланың мақсаты да сол – қоғамға рухани серпiлiс берiп, оны заман көшiне iлестiру.

Н. АБДУРАХМАНОВ, ОҚМФА «Қазақстан тарихы және әлеуметтiк-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцентi мiндетiн атқарушы, тарих ғылымының  кандидаты.

152 рет оқылды
Осы категориядағы басқа материалдар: « ТАУҒА ҒАШЫҚ ЖIГIТ ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ »
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper