"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДI

| Автор:   Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:29
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДI

 

Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын асыға күтетiнiмiз шындық. Әр Жолдауында Президенттiң келешектiң iс-әрекетiн осы бастан белгiлеп беретiн дәстүрi бар. Былтыр руханият мәселесiн тереңiнен қозғап, ұлттық кодымызды жаңғыртуға орай бiраз мiндеттер жүктесе, биыл Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтiн нақты 10 бағытты атап көрсеттi.

 

Президенттiң бұдан бұрын да талай стратегиялық жоспарлары жүзеге асты. Солардың арқасында Қазақстан әлемдегi дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдiң сапына қосылды. Ендiгi мақсатымыз – дүние жүзiндегi экономикалық тұрғыдан алпауыт елдер саналатын 30 мемлекеттiң қатарына кiру. Сол мұратқа жету үшiн Жолдауда айтылған әрбiр тапсырманы уақыт оздырмай тыңғылықты орындауымыз шарт.

Елбасының осы кезге дейiнгi алға қойған мақсат-мiндеттерi елiмiзде iске асырылып та жатыр. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспорты жолға қойылды. Соның бiр айғағы, өткен жылы өңiр шаруалары тұңғыш рет Иран елiне қой етiнiң алғашқы партиясын жөнелттi. Шардара су қоймасында өндiрiлген балықтың саналуан түрi тiптi алыстағы Еуропа елдерiне шейiн экспортталуда. Ендiгi ретте еңбек өнiмдiлiгiн жаңа технологиялар арқылы арттыра отырып, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспортын ұлғайта беруiмiз қажет. Өйткенi, елдiң әлеуметтiк жағдайының жақсаруына сыртқы сауда да көбiрек әсер ететiнiн ұмытпаған жөн.

Қайрат БАЛАБИЕВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.

222 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper