"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАҢАША ҚАРҚЫН БЕРЕДI

| Автор:   Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:29
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
ЖАҢАША ҚАРҚЫН БЕРЕДI

 

Елбасының жыл сайын халыққа арнайтын дәстүрлi Жолдауы қазақстандықтарға жаңаша бағыт-бағдар берiп, беталысын айқындап, алдағы болашаққа құлшындырып отырады. Күнi кеше жариялаған «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауымен де таныстым. Менiң ойымша, бұл жолы Елбасы бұдан бұрынғы «Қазақстан-2050» стратегиясы», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған ойларын негiздеп, нақтылай түскен. Бұл құжат ендi сол Жолдауларда жүктелген мiндеттердiң орындалуына жаңаша қарқын бередi.

 

Жолдауда индустрияландыру, ресурстық әлеуеттi дамыту, қаржы секторы мен көлiк-логистика инфрақұрылымының тиiмдiлiгiн арттыру, адами капитал, сандық технологияны енгiзу, тиiмдi мемлекеттiк басқару секiлдi ел дамуына қатысты ең негiзгi он мiндет жүктелген. «Заманауи технологиялар жылдам өсiп келе жатқан мегаполистiң проблемаларын тиiмдi шешуге жол ашады» делiнген маңызды құжатта. Шын мәнiнде де электронды технологиялар дәуiрiнде өмiр сүрiп отырып оны тұрмысымызда кеңiнен қолданып, игiлiгiн көрмесек, өркениет елдерiнiң көшiне iлесе алмасымыз анық. Өйткенi, дамыған мемлекеттердiң барлығы да «ақылды технологиялар» дәуiрiнiң нәтижесiн көрiп, осы жолды таңдап отыр.

Адами капитал турасында айтқан жетiншi бағыт мәдениетiмiз бен идеологиямызды одан әрi дамытуға жаңаша серпiн бередi. Жалпы, Елбасы Жолдауы «Рухани жаңғырудың» жетекшi күшiне айналып отыр деуге әбден болады.

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы, халықаралық «Алаш» және «Түркi әлемiне қызметi үшiн» сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерiнiң иегерi.

98 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper