"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАҺАНДЫҚ БОЛМЫСТЫ ЖАТСЫНБАЙЫҚ

| Автор:   Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:29
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
ЖАҺАНДЫҚ БОЛМЫСТЫ ЖАТСЫНБАЙЫҚ

 

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты мәлiмдеме жасауы көрегендiктiң көкжиегiн танытқандай болды. Студент кезiмiзде театр қойылымын көруге баратынымыз есiме түстi. Сонда алдағы болатын көрiнiстердiң қысқаша мазмұны жазылған бағдарлама таратылатын. Онымен танысқан соң сахнадағы драманы бар ынтамызды салып көретiнбiз.

 

Мiне, Мемлекет Басшысының мәлiмдемесi дәл осындай әсер қалдырды. Алдағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирiнен жасаған мәлiмдемесi үлкен бағдарламаны ұсынбас бұрын баршаның назарын, санасын, ой таразысын соған аударып алумен бiрдей әсер еттi.

Ал, Қазақстан халқына арнаған «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдаудың жолдарынан Қазақстанның әлемдегi түрлi сынақтарға төтеп берiп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын тағы бiр рет терең сезiндiк. «Елiмiздiң 2050 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында бiз реформаларды жүргiзiп келемiз. Индустрияландыру саласын өркендету үшiн жүйелi жұмыстар атқарылуда. Бiз конституциялық реформаны жүзеге асырып, елiмiздiң Үшiншi жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешендi iс-шаралар жүргiзiлуде» дей келiп Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қабылданғанын атап өттi.

Әлемнiң қарқынды түрде өзгерiп келе жатқанын тағы да есiмiзге салған Елбасы бұл – жаңа жаһандық болмысты жатсынбай қабылдауға тиiс екендiгiмiздi ескерттi.

Бiз осылайша болашағын айқындап, кез келген сын-қатерлерге табандылықпен жауап бере алатын халық ретiнде төртiншi өнеркәсiптiк революцияны бастап кеттiк. Әрине, бұл орайда көпшiлiк арасында түсiндiру жұмыстарын кеңiнен жүргiзуi қажет.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң ұжымы Елбасының «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауында көзделген он мiндеттi қалтқысыз орындауға өз үлесiн қосады деп сенемiн.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, ҚР ҚМ МКК ОҚО бойынша МКД басшысы.

88 рет оқылды
Осы категориядағы басқа материалдар: « АЙҚЫН МАҚСАТ, БАЙЫПТЫ БАҒДАР ЖАҢАША ҚАРҚЫН БЕРЕДI »
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper