"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АЙҚЫН МАҚСАТ, БАЙЫПТЫ БАҒДАР

| Автор:   Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:28
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
АЙҚЫН МАҚСАТ, БАЙЫПТЫ БАҒДАР

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

Сәрсенбiде Өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде Елбасының «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауы бойынша қоғам қайраткерi Шалатай Мырзахметов пен М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Байболов брифинг өткiздi.

 

Жиында Жолдауда айтылған он мiндеттi жүзеге асыру жолдары сөз болды.

– Адам баласының алмайтын асуы, шықпайтын белесi болмайды. Оны тәжiрибе жүзiнде көрсететiн уақыт жеттi. Кей кезде адамға жiгерлiлiк жетпей жатады. Кiмде-кiм өз iсiне толыққанды сенiмдi болып, осы iсiммен отбасыма, Отаныма пайда беремiн деп ойласа, алға қойған мақсатына сөзсiз жетедi. Осы тұста, Елбасы айтқан адамзат тарихындағы төртiншi өнеркәсiптiк революцияға қадам басар алдында нақты мақсатымызды айқындап алғанымыз жөн. Мемлекет басшысының 10 мiндет жүктеген биылғы Жолдауының өзегi де осы. Бүгiнде өнеркәсiптi еңбек қарқынымен емес, жаңа технологияларды пайдалану арқылы бағындыра аламыз. Елбасы төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында елдi дамыту мәселесiне бағытталған биылғы Жолдауында «Адамзат өндiрiстiк революция кезеңiне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемдi күнде өзгертiп жатыр. Қазақстан осы мүмкiндiктi пайдаланып, дамыған 30 елдiң қатарына кiру үрдiсiн тездетуi тиiс» дедi. Демек, бiз әлемдегi ең озық технологияларды өндiрiсте пайдалансақ, межелеген 30 елдiң қатарына аз уақыт iшiнде ене аламыз, – дедi қоғам қайраткерi Ш.Мырзахметов. Сондай-ақ, ол Елбасының ұстаз беделiн көтеру жөнiндегi бастамасы көңiл сүйсiнткенiн жеткiздi.

Мұнан кейiн сөз алған Қанат Сейiтжанұлы Елбасы Жолдауында көрсетiлген 10 бағыттың жоғары оқу орындарына қатыстылығын айта келе, Қазақстан азаматтарының инвестициялық мәдениетiн арттыру, елiмiздiң қаржы секторын дамыту, iрi қазақстандық компаниялар мен капиталды дамытудағы IPO бағдарламасының тиiмдiлiгi туралы жиналғандарға толығырақ түсiндiрiп бердi. Сондай-ақ, оқытушы ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары жаңа бағдарламалар бойынша жұмыс iстеу керектiгiн сөз еттi.

80 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper