"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРГЕН ОН БАҒЫТ

| Автор:   Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 11:09
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
ЕЛ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРГЕН ОН БАҒЫТ

 

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы:

– Биылғы Елбасы Жолдауының ерекше сипаты – ел дамуының түбегейлі тұстарын зерделеп, оның сан қырлы салаларын жүйелі түрде жаңғырту мәселесіне мән беруінде дер едім. Тәуелсіздіктің ширек ғасырын артқа тастаған мемлекет үшін болашаққа сенімді қадам жасау өзекті екені белгілі. Стратегиялық мазмұны бар құжатта анықталған он міндеттің әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды. Елбасы мемлекетті жаңа сатыға көтеретін ауқымды реформаларға үлкен үміт арта отырып, ондағы басымдықтардың бүгінгі қоғамға сәйкес келетін өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Демек, қазіргі заманның нағыз дамыған өркениетті елдерінің қатарына қосылу үшін ескі экономикалық жүйені ғана емес, қоғамдық сананы да өзгертуге тиіспіз деген ойды ортаға салады. Мәселен, соңғы жылдары қолға алынған мәні зор, маңызы ерек «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары секілді реформалар әлемде баламасы жоқ дүниелер болып табылады. Осы ізгілікті бастамаларды жалғастырып, ұлттық келбетімізді, рухани мәдениетімізді жоғалтпай, кемелдене беруіміз керек.

 

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

– Елінің ертеңі үшін алаңдайтын әрбір қазақстандық Елбасының жыл сайынғы Жолдауын тағатсыздана күтеді. Себебі, онда еліміздің ендігі беталысы айқындалады. Осы жолғы маңызды құжатта да Елбасы мемлекетті нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қаперде ұстар он міндетті белгілеп берді. Соның бірі ретінде қоғамда заңның үстемдігін нығайтып, әрбірімізді сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыруы жарқын болашақтың тұғырын нықтауға деген маңызды қадам деуге болады. Өйткені, заң үстемдік етпеген жерде Елбасы айтқан мақсат-міндеттердің өз дәрежесінде орындалуы екіталай.

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, мұндай әрекеттің көрініс табуы елдің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Сондықтан ең алдымен қоғамның жегі құртына айналған жемқорлықты тізгіндеп, оны ауыздықтаудың жолдарын қатаң қадағалауымыз қажет. Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас елдің міндетіне айналуы тиіс.

 

Әбілқасым ДОСБОЛОВ, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы бәрімізге де жаңа бағыт-бағдар беріп, әрі қарайғы істерімізге қанат бітіреді. Биыл да Президент елге Жолдау арнады. Бұл жолы да іске асыруға тиісті болған маңызды стратегиялық қадамдарды белгілеп берді. Әлемнің болашағы қайда кетіп бара жатқанын тамыршыдай тап баса білген Мемлекет басшысы осы Жолдауында да ерекше саяси көрегенділігін байқатты.

Маңызды стратегиялық қадамдарсыз экономикамыз өрге баспай, отыз­дықтың қатарына қосыла алмайтынымыз анық. Елбасының қоғамды ұстап тұрған барлық салаларға сандық технологияны енгізіп, сол арқылы әлемдік бәсекеге қабілетті болуымыз керек деген мағынадағы сөздері маған ерекше ұнады. Шындығында да, электронды технологиялар дәуірі жүріп тұрған заманда оны күнделікті тіршілігімізде жан-жақты қолданып, игілігін көре алмасақ, ешқашан дамыған мемлекет ретінде кеуде тұстан көріне алмаймыз.

Президент Жолдауда индустрияландыру саясаты экономиканың флагманына айналуы тиіс деген тапсырма жүктеді. Расында да, Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігі ең алдымен Елбасы пәрменімен іске асырылған индустрияландыру бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Міне, соның нәтижесінде қаншама жаңа өндіріс орындары пайда болды, ол өз кезегінде мыңдаған қазақстандық үшін тұрақты жұмыс көзіне айналды. Мәселен, бір ғана өткен жылдың өзінде индустрияландыру картасы бойынша 12633 жұмыс орны ашылды. Осы бағыттан таймасақ, еліміздің келешегі кемелді болары сөзсіз. Өйткені, қазіргі дамыған мемлекеттердің бәрі де осы жолмен жүріп өткен.

 

Роза ПАК, байырғы ұстаз, облыстық корей этномәдени орталығының төрайымы:

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өскенін айтты. «Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды. Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табысын көбейтеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты» деді Елбасы.

Мемлекет басшысы мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылы 30 процентке көбейтуді тапсырды. «Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Яғни биыл категориялар арасындағы алшақтық айқындалып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі.

Жалпы, Президентіміз білім саласына қашан да ерекше назар аударып келеді. Өткен 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 34 мектептің пайдалануға берілуі осы сөзіміздің айқын дәлелі.

306 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper