"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БОЛАШАҚТЫҢ IРГЕТАСЫН БIРГЕ ҚАЛАЙЫҚ

| Автор:   Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 11:19
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
БОЛАШАҚТЫҢ IРГЕТАСЫН БIРГЕ ҚАЛАЙЫҚ

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­шақ­қа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында халқымызға тән барлық салт-дәстүріміз, асыл қасиеттеріміз бойымызда жалындап тұруы керектігі баса айтылған болатын. Өзінің ұлттық әдебиеті мен мәдениетін, салт-санасын сақтаған ұлт қана алға нық қадам баса алатынын да атап көрсетті. Ұлт Көшбасшысы атап өткен сара жолдардың ең ардақтысы – ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық ғұрыптарымыз. Иә, салт-дәстүрімізді берік ұстанар болсақ, ұрпағымыздың келешегіне қам жемейміз. Ұлттық дәстүрді бойына сіңірген ұрпақ өмірде өз орнын таба алады және қиындықтарға мойымайды.

 

Рухани байлық адам­ның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан, ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Біздің ұлттық дәстүрлеріміз жас буынды жігерлілікке, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Мәселен, «Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген даналықты ұстанған бабаларымыз үлкенді құрметтеуге, қарттарды қадірлеуге терең мән берген. Ал, бүгінгідей ұл-қыздардың ата-анасына бағынбай, өз ойымен жүріп-тұруы, жастардың жат әрекеттерге еліктеп, теріс жолға түсуі бұрын жұртымызда болмаған. Сондықтан әрбір аға буын өкілі келер ұрпақтың тәрбиесіне жете көңіл бөлмесе, салт-дәстүрге бет бұрмаса, адасқанымыз адасқан. Қазақ менталитетіне жат дүниелерді тықпалаған керітартпа кинолары мен теріс пиғылды ақпараттарын жастар бойына сіңірмесе екен дейміз. Бұл ұлт ретіндегі дамуымызға орасан зор тосқауыл, Қытай қорғанындай алып кедергі.

Ал, енді осындай тосқауылдарға қарсы тұру үшін не істеуіміз керек? Бұл ретте халқына сүйеу болғысы келетін әрбір азамат ұрпаққа дұрыс тәрбие беруі тиіс деп ойлаймын. Өз тарапымыздан Түркістан медицина колледжінің жастарына салт-дәстүрді ұстанып, өнегелі тәлім-тәрбие беруге тырысудамыз. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, медициналық білімді игеру қиын болса да, тәрбиеге барынша көңіл бөлуге тырысып келеміз. Бойларында ұлттық рухы биік, өзіне берілген істі аяғына дейін жеткізетін, жандүниесі мейірім мен адамгершілікке толы азамат тәрбиелеу басты мақсатымыз.

Жан-жақты тәрбиеленген ұрпақ жамандыққа бармайды, өзгелерге де, өзіне де зиянын тигізбейді. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көпшілікке жаңаша дем беруде. Жер-жерде ұмытылып бара жатқан дәстүрлерімізді қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Елбасы бізге ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, дамудың жаңа жолына түсу керектігін айқындап берді. Ендеше, үлкен мәні бар, келер ұрпақтың қамы үшін жасалып жатқан дүниелерге барынша атсалысайық, болашақтың іргетасын бірге қалайық.

Ғалымжан БИМҰРЗАЕВ, Түркістан медицина колледжінің директоры.

118 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper