"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АУЫЛЫНА ҚАРАП, АЗАМАТЫН ТАНЫ

| Автор:   Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 11:18
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)
АУЫЛЫНА ҚАРАП, АЗАМАТЫН ТАНЫ

 

Баян ДАРҒОЖИНА, «Оңтүстік Қазақстан».

Президенттің «Болашаққа бағ­дар: руха­ни жаңғыру» мақаласы аясын­да қолға алынған «Туған жер» бағдарламасына сәйкес өңірімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев былтыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» тақырыбымен осы өңірде туып, биік мінберлерден көрініп жүрген танымал тұлғалардың басын қосқан болатын. Бұл шараға елімізге танымал көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер майталмандары және кәсіпкерлер сияқты түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ден астам азамат жиналды. Осы кездесуден соң облыста кәсіпкерлердің қолдауымен 590 жоба қолға алыныпты.

 

«Елдің ісі – ер азаматтың мойнында» демекші, ауылына бас-көз болып, туған өлкені түлетуге атсалысып келе жатқан азаматтың бірі – кәсіпкер Мұрат Төлтебаев. Ол Елбасының осынау өмір­шең идеясын жүзеге асыруды ерте бастан-ақ қолға алған екен. Өзі туып-өскен Төлеби ауданында балаларды спортқа тарту мақсатында 20-ға жуық спорт алаңын салып беріпті. Оның екеуі жабық, қалғандары ашық түрде салынған. Бұдан бөлек, 2010 жылы туған ауылы Сарқырама елді меке­нін­де 50 орынды балабақшаны жөндеуден өткізіп, ел игілігіне ұсынды. Сондай-ақ, ауылдастарына дәрігерлік амбулатория қажеттігін де ескерусіз қалдырған жоқ. Өз қаражатына салынған осынау нысандар кейін мемлекет балансына өткізіліп, сол жерде ауылдың біршама азаматтары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Ал, 2014 жылы ауылдың кішігірім іс-шараларын өткізіп, жалпы ақсақалдар мәслихат жасап, бастары қосылып отыруы үшін арнайы қымызхана салып берді. 200 адамға лайықталған кішігірім мейрамханасы да бар. Сонымен қатар, өз есебінен салған 15 мың кітап қоры бар кітапханадан бөлек 300 орынды Мәдениет үйі де ауылдастарының игілігіне жарауда.

– Біздің ауыл 1993 жылы табиғи газға қосылды. Осы тәрізді әлеуметтік мәселелері ше­шіліп қойғандықтан, енді абаттандыру жұмыс­тарына ден қойдым. Көшеміздің бәрі біркелкі болуы үшін заман талабына сай безендірілген бетон қоршаулар орнатылып, алдына көк шарбақтар қойылды. Содан соң әр үйдің есігі алдына шырша, сәндік ағаштар мен раушан гүлін ектік. Тұрғындар бастамамызды қолдап, үйлерінің айналасын неше түрлі әсем гүлдерге толтырды. Бүгінде өз тарапымыздан үздік аулаға жүлде тағайындадық. Жыл соңында өзім көріп, бақылап жүрген ауылдың екі-үш отбасын марапаттаймыз. Алдағы уақытта мұны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз. Қарап тұрсаңыз, бұл да бірлік пен ынтымақтың бір көрінісі әрі ауылдың одан әрі көркеюіне қосқан үлесіміз, – дейді кәсіпкер.

Елбасымыздың «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жа­ның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақ­тың ұлттық мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! Елдік те, ерлік те сын сағатта танылады» деген сөзі бар. Өзінің туып-өскен жерінің көркеюіне бір кісідей атсалысып, яғни туған жерге туын тігіп жүрген Мұрат Төлтебаев тәрізді жомарт жанды іскер азаматтың тірлігі көпке үлгі боларлық­тай.

1626 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper