"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


«ОҢТҮСТIКТЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛI АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР»

| Автор:   Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:07
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
«ОҢТҮСТIКТЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛI АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР»

 

Оңтүстiк Қазақстан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысын талқылау мақсатында кеңейтiлген мәжiлiс өттi. Мәжiлiске Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi ректорының әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегi проректоры Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi «Отырар» кiтапханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесi Амантай Шәрiп, Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Ризабек Кемеңгер, ақын, қаламгер Серiк Сейтман, ҚР ҰҒА мүше-корреспондентi, филология ғылымдарының докторы профессор Шерубай Құрманбайұлы, Алаш арысы Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi қазақ әдебиетi кафедрасының доцентi, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер қатысты.

 

Мәжiлiсте сөз алған өңiрлiк жобалық кеңсенiң басшысы Б.Әшiрбеков Елбасы бағдарламасының Оңтүстiк Қазақстан облысында iске асырылуы жөнiнде баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жиында Дихан Қамзабекұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы жайында сөз қозғады. Ол сондай-ақ, республика көлемiнде қолға алынған жобалық менеджмент жұмысы бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысындағы қоғамдық сананы жаңғырту жобалық кеңсесi тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға оң бағасын бердi.

«Бүгiнде елiмiздiң басқа аймақтарымен салыстырғанда Оңтүстiк Қазақстан облысында жүйелi жұмыстардың жасалынып жатқанын байқауға болады. Осы ретте Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Қансейiтұлының бастамасымен бiрқатар игi iстер қолға алынып жатқанына қанықтық. Өңiрлiк жобалық кеңсе жұмысы да жолға қойылғанын байқау қиын емес» дедi Дихан Қамзабекұлы.

Мұнан соң сөз алған профессор Тұрсын Жұртбай ұлыстың ұйытқысына айналған Оңтүстiктiң жақсы қасиеттерi жайлы пайымды пiкiрiн бiлдiрдi.

Жиын барысында Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанынан құрылған жобалық кеңсе қызметкерлерi қонақтарға бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру бойынша өздерiнiң ұсыныс-пiкiрлерiн жеткiздi.

ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi.

126 рет оқылды
Осы категориядағы басқа материалдар: « МӘҢГIЛIК ЕЛ БОЛУ КЕПIЛI АЛАШ, АЛАШ БОЛҒАНДА... »
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper