"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

| Автор:   Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 11:42
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

 

Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елiмiздi рухани жаңғыруға бастайтын басым бағыттарды талдап-таразылай отырып, алдағы мақсат-мiндеттерiмiздi де айқындап берген болатын. Халқымыздың үштен бiрiн ашаршылыққа ұшыратқан кеңестiк тоталитарлық билiктiң солақай саясатын, қасiретке толы тарихымыздың ақтаңдақ беттерiн қайта парақтаған Мемлекет басшысы тұрақты дамудың даңғыл жолына түскен тәуелсiз елiмiздiң жаһандық сын-қатерлер қыспағында ХХI ғасырда ауыз толтырып айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткiзiп, ұзақ мерзiмдi стратегияларымыздың нағыз ұлттық жаңғыруға жол ашып отырғанын да мақтанышпен жеткiзген.

 

Сол себептi де Елбасымыздың осынау қоғамның бар мүшесi қолдап-қуаттап, өз пiкiр-ұсынысын жолдап отырған рухани жаңғыруға байланысты бағдарламалық мақаласы арқылы жасампаз жұртымыздың дүниетанымына да түбегейлi өзгерiс енгiзiп, ұлттық рухани құндылықтарымызды өз мүддемiзге тиiмдi жарата бiлудi, жаһандық өркендеудiң жағымды үдерiстерiнен кейiн қалып қоймауды, қайта оған жаңаша сипат, тың серпiн берудi қалап отырғаны даусыз. Осы тұста Ұлт Көшбасшысы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың өзiндiк рөлiне баса мән берiп, болашақта атқарылар ауқымды мiндеттердi нақтылап, қай игi бастаманы болмасын рухани жаңғыруымыздың басты тетiгiне айналдыруда рухани ұстындарымызды – тамыр-тарихы тым тереңде жатқан салт-дәстүрлерiмiздi, дiлiмiз бен дiнiмiздi оңтайлы пайдаланудың мән-маңызы ерекше екенiн алға тартқан болатын. Рухани жаңғыруда ұлттың өзiндiк болмысын сақтап, мерейiн үстем етуде, бiрiншiден, ұлттық код пен төл мәдениеттi өмiршең етудiң, екiншiден, рухани дамуымызға тежеу болатын кешегi «терiс түсiнiктерiмiзден» түбегейлi түрде бас тартып, кешегi мен бүгiнгiнiң озық тәжiрибелерiн салыстыра-сабақтастыра отырып, өзара iшкi үйлесiмдiлiктi табудың, ұлттық бiрегейлiктi сақтаудың, ұлттық сана-сезiмнiң өрiсiн кеңейтудiң маңызы зор болмақ. Себебi, ұлттық сипаттағы өркениеттен ажырамаған мемлекеттiң ғұмыры ұзақ болатынын тарих сан мәрте дәлелдеген. Сондықтан бiз де Елбасымыздың арман-аңсарына айналған рухани жаңғыруымыздың басты бағдарынан ауытқымай, жаһандық даму үдерiсiне өзiмiздiң ұлттық болмысымызбен енiп, жаңа сапалық деңгейге қол жеткiзуiмiз қажет. Ал, ол үшiн сананың ашықтығын қамтамасыз етiп, өркениет көшiне iлескен озық елдерден кейiн қалып қоймау қажет. «Бiлiмдi адам тiлiн билей алады» деп Жүсiп Баласағұн өсиет еткендей, әлемдiк тiлдердi меңгеруге де мән берген жөн. Бұл өз кезегiнде бiздiң ғаламдық үрдiске толыққанды араласуымызға жол ашып қана қоймайды, озық тәжiрибе арқылы жемiстi жетiстiктерге қол жеткiзуiмiзге барынша қолайлы жағдай тудырады.

Қазiрдiң өзiнде елiмiздiң бiлiм саласындағы оңды реформалардың арқасында жоғары оқу орындары мен орта бiлiм беру мекемелерiнде бiрқатар пәндердегi дәрiстер ағылшын тiлiнде өтуде. Ал, келесi жылдан бастап орта мектептердегi негiзгi 4 пәннiң сабақтарын да осы тiлге көшiру жоспарланып отыр. Мұның бәрi – арнайы сұрыптау-сараптаудан өтiп, терең екшелген қадам.

Олай болса, Мемлекет басшысының таяу жылдарда қазақ әлiпбиiнiң жаңа графикадағы бiрыңғай стандартты нұсқасын қабылдап, латын әлiпбиiне көшудi жеделдетудi ұсынуы құптарлық iс. Себебi, жаңа бастаманың септесуiмен бiз отандық бiлiм беру жүйесiне басы бүтiн өзгерiс енгiзiп, дүние жүзiнде баламасы жоқ «Жаhандық заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есiм», «Туған елге» ұласатын «Туған жер» секiлдi ауқымды бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы бұл саланың тамырына қан жүгiртiп қана қоймай, оны ғаламдық кеңiстiкке, әлемдiк деңгейге көтерiп, бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын боламыз. Шынтуайтында, Елбасымыздың осынау бастамасы ұлтымыздың болашағы мен рухани әлеуетiн ойлаудан туғаны талас тудырмайды.

Өйткенi, бiз ұлтымызды рухани жаңғырту арқылы аумалы-төкпелi заманда өз тарихи таңдауымызды жасап, өркениеттi әлемнiң ажырамас бөлiгi саналуды мақсат тұтқан елмiз. Ел қолдаған Елбасының да, көпұлтты, көпконфессиялы қоғамымыздың да, қала бердi осы мақаланың басты мазмұны iспеттi әрбiр қазақстандықтың санасын жаңғыртуға бағытталған алты негiзгi бағыттың да көздегенi – дәстүр-салтымыз бен туған тарихымызды елiмiзде жүрiп жатқан саяси реформалар мен экономикалық жаңғырудың басты өзегiне айналдыру.

Сондықтан бiз латын әлiпбиiне көшудi дұрыс қадам деп есептеймiз. Өйткенi, бұл бастама күн тәртiбiне бүгiн ғана қойылған жоқ, Мемлекет басшысының бiрнеше жыл бұрынғы Жолдауында да көтерiлген. Олай болса, ұлттық мүддемiзбен астасатын бұл бастама белгiлi бiр деңгейде рухани тәуелсiз ел атануымызға жол ашады деуге толық негiз бар. Өйткенi, елiмiздегi саяси тұрақтылық пен қалыпты экономикалық ахуал, түрлi саяси реформалар мен стратегиялық бағдарламалар бұл жұмысты мүлтiксiз атқаруымызға мүмкiндiк бередi. Солай екен, латын әлiпбиiне кезең-кезеңiмен көшiп, Үкiметтiң сауатты бағдарламасы аясында түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп, мерзiмдi БАҚ беттерiндегi насихатты да жандандыра түскен дұрыс. Елбасы мақаласында латын әлiпбиiне көшудiң нақтылы кестесiн әзiрлеумен бiрге жыл соңына дейiн ғалымдарымыздың көмегiмен және жалпы жұртшылықтың талап-тiлегi мен ұсыныс-пiкiрлерiн де ескерусiз қалдырмай, қазақ әлiпбиiнiң жаңа графикадағы бiрыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды ұсынуы бекер емес. Бұл жерде Елбасымыз «Келiсiп пiшкен тон келте болмас» деген халық даналығына терең үңiлiп, мемлекеттiк мән-маңызға ие iске қоғам болып атсалысуға, оны бiрлесе жүзеге асыруға үндеп отыр. Ал, 2018 жылдан бастап жаңа әлiпбидi үйрететiн мамандарды даярлау мен орта мектептерге арналған осы үлгiдегi оқулықтарды дайындау да қолға алынатын болады.

Қорыта келгенде, Ұлт Көшбасшысының кешелi-бүгiндi жұрт аузынан түспей, қоғамдық талқының өзегiне айналып отырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы рухты халқымыздың көптен күткен, көңiлiндегiсiн дөп басқан дүние болды. Ендiгi бiздiң мiндет – осы бастаманы ел болып қолдап-қуаттай отырып, оны баянды ету жолында аянбай еңбек ету болмақ.

Сейдехан ӘЛIБЕК, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дiң факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы.

112 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper