"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 330.22 -0.07   EUR: 388.07 +0.80   RUB: 5.6 +0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ҚАЖЫМҰҚАН ӘЛЕМДЕ БIРЕУ ҒАНА...

Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 10:56
ҚАЖЫМҰҚАН ӘЛЕМДЕ БIРЕУ ҒАНА...

Өмiрзақ АҚЖIГIТ, «Оңтүстiк Қазақстан».                                                           

Газетiмiздiң түнеукүнгi, 8 тамыздағы санында «Лениннiң күркесi», 12 тамыздағы санында  «Қажымұқан тұрған үй» деген атпен екi шағын мақала жарық көрдi. Бiрiншiсiнде Владимир Ильич Лениннiң Кеңес заманында күнiне орта есеппен 5 мың турист келiп тұрған Санкт-Петербург түбiндегi Разлив селосындағы бүгiнде шыны саркофагпен қапталған шағын күркесi, екiншiсiнде Отырар ауданының Ақтөбе ауылындағы Қажымұқан атамыздың кiндiк қаны тамған үйiнiң ахуалы сөз болды. Күрке Ресей мемлекетiнiң қарауында болса, үйдi ауылдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орта мектеп өз қамқорлығына алып, күрделi жөндеуден өткiзiптi... Ендi жанынан саябақ салмақ үшiн арнайы жоба да жасапты. Қол ұшын созамын деген азаматтарға арнап, «Қажымұқанның қара шаңырағы» қорының есепшотын да берiптi.

Осы жерде мынадай ой келедi. Елiмiзге аты белгiлi сәулетшi, Түркiстан мен Отырарды түлетудегi еңбегi үлкен Еркiн Жүсiп бастаған облыстық сәулет басқармасы күре жолдардың бойында туристер демалатын орындар жасауды қолға алып жатқанынан хабарымыз бар. Ордабасы ауданының орталығы Темiрлан селосына Арыс өзенiнен өткен жердегi жолдың оң жағы – соған сұранып тұрған жер. Ол жерде қазiр құрамында «Ауыл» рестораны бар жекеменшiк демалыс аймағы орналасқан. Мiне, осы жерде бүгiнгi «мемлекеттiк-жекеменшiктiк әрiптестiк» үрдiсiне сай Қажымұқанның көрнекi етiп жаңа музейi салынса. Музейдiң алдына Қажымұқанның жапон палуаны Жиндофу Саракикидi   лақтырып жатқан биiк ескерткiшi қойылса. Неге Саракики? Өйткенi, француз (бүгiнгi грек-рим) күресiнен жапон елiнде өткен әлемдiк додаға қатысқан палуандарға жарыс бiткен соң алаң иелерi өз өнерiн жарнамалау мақсатында жапон джиу-джитсу шеберiмен ережесiз жекпе-жекке шығуды ұсынған. Бiрақ, Иван Поддубный  бастаған палуандардың бiрде-бiреуiнiң ортаға шығуға жүрегi дауаламаған. Қайта Қажекең киiмiн шеше бастағанда Поддубный «Қайда бара жатқаныңды бiлесiң бе? Жоқ әлде есiңнен адастың ба?» деп тоқтатпақ болған («Қазақ балуандары», I-том, 140-бет, Ә.Бүркiтбаев, «Қажымұқан»). «Ер екi өлмейдi!» деп гүр еткен бабамыз бiр құлағынан айрылса да палуандардың абырой-намысын  (честь) қорғап қалған. Мәселе осы намыста! Бүгiнгi таңда ол бiзге көп жерде жетiспей жатыр. Оны оятуымыз, тiрiлтуiмiз ауадай қажет. Тiрiлту үшiн әлгiндей ескерткiш керек!.. (Ал, қазiр музей алдында тұрған ескерткiштi қоятын жер табылады, тiптi, болмаса сол Ақтөбе ауылындағы мектеп алдына қояйық).

Ескерткiштiң қасына палуан соғыс кезiнде өнер көрсетiп жинаған әскери ұшақтың бүгiнгiдей макетiн емес, оның Мәскеудегi әскери техника музейiндегi өзiн әкелiп қоюға болады. Ресейлiктермен бұл мәселеде тiл табысу бiздiң дипломатия саласының өкiлдерiне  қиын соқпаса керек... Ал, жаңа музейдiң айналасы, оның iшiнде өзен бойындағы жағажай да әлемдiк стандартқа сай, ұлттық нақышпен абаттандырылса, тiптi қатып кетер едi. Туристер демалатын қонақүй, қолөнер шеберханасы салынса,  ол жерде қазақтың тiл үйiрер ұлттық тағамы мен теңдессiз сусынының неше түрi самсап тұрса, Шымкент—Түркiстан күрежолының Темiрланды айналып өтетiн оңтүстiк тұсына да, солтүстiк тұсына да ескерткiш пен музей, демалыс орнының суретi салынған үлкен көрсеткiш қойылса... Сонда ол жер шетелдiк туристер ғана емес, Шымкент қаласы мен Темiрлан селосының жұртшылығы мен қонақтарының рухы биiктейтiн, жаны тәлiм алатын, тәнi дем алатын ең бiр сүйiктi  орнына айналар едi ғой деп ойлаймыз.

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлттық жаңғыруды қолға алу қажет!» дейдi. Жаңғыру – өткенiңдi ардақтаудан, ұлыларыңды ұлықтаудан  басталмайтын ба едi? Көп жұрт асқақтатуға Қажымұқандай алып таба алмай әлек. Ендеше, бiзге де «өз ерлерiмiздi ескеретiн» кез келдi, әйтпесе, кейiн елiм дейтiн «кемеңгерлердi таба алмай» қалуымыз ғажап емес...

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper