"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 334.11 +0.54   EUR: 394.65 +2.84   RUB: 5.81 0.00   


«МЫҢ ШЕЙIТТЕ» КIМДЕР ШЕЙIТ БОЛҒАН?

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 10:14
«МЫҢ ШЕЙIТТЕ» КIМДЕР ШЕЙIТ БОЛҒАН?

 

Төлеби ауданы Қасқасу ауылының маңында «Мың шейiт» деген әулиелi мекен бар. Ауыл тұрғындары ол жердi зиярат ететiн орынға айналдырып, жан-жағын саялы бау еткен. Әулиенiң шырақшысы 85 жастағы Шымкентбай ақсақал бауды өзi күтiп-баптап отыр.

 

Айтуынша, онда бiр кездерi өлкемiзге ислам дiнiн таратуға келген сарбаздар жерленген. Олар осы аймақтың жергiлiктi халқымен соғысып, басым бөлiгiне мұсылманшылықты мойындата бастайды. Әскербасы Икрам Құрбан айт мерекесiн қарсы алу кезiнде сарбаздарымен намаз оқиды. Намазға тұрмас бұрын жүрегi бiр жамандықты сезгендей, имамға «Бүгiн дiнсiздер күдiктi әрекет етуде. Намазда қысқа сүре оқыңыз» дейдi. Имам сүренiң ең қысқасы «Инна аттаинаны» оқимын дегенде аузына ұзақ аяттардың бiрi «Иннә Фатахна» түсiп кетедi. Имам оны оқып бiтiргенше дiнсiздер намазда тұрған адамдарды шауып өлтiредi.

Ислам дiнiн таратуға келген сарбаздар осылайша шейiт болып, олардың жатқан жерi бүгiнде «Мың шейiт» деп аталған екен. «Мың шейiтте» 6 мың адам жерленген деген дерек бар. Өздерiмен бiрге бес қаруы қылыш, найза, сауыт-саймандары қоса жерленген көрiнедi. Өкiнiштiсi сол, әулиелi орынға әлi күнге дейiн зерттеу жұмыстары жүргiзiлмеген. Ел арасында бұл оқиғаның көп айтыла бермейтiнi, айтылса да аңыз, әпсана ретiнде баяндалатыны содан. Қалай болғанда да бұл нысанға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзбей болмайды. Олай дейтiнiмiз, қазақ даласы дiнге қылыштың жүзiмен кiрген емес. Исламды жүрек қалауымен қабылдаған. Демек, аталған аңыздың ақиқатына жету ләзiм.

Тiптi, бұл әулиелi орында келушiлерге мүлдем жағдай жасалмаған. Су құбыры тартылмаған. Зиярат етушiлер тiршiлiк нәрiн өздерi тасып iшуде. Дегенмен, әулиелi орынның барын естiп, келiп жатқандар көп. Орайы келгенде айта кетейiк, бүгiнде зиярат етушiлердiң көбi Сайрам ауданындағы сансыз баптарға жолай «Жылақ атаға» соғып, Диханкөлдiң қымызынан дәм татып, осы «Мың шейiтке» келiп түнейтiн болған. Сондықтан, iшкi туризмдi дамытамыз десек, тасада елеусiз қалып қойған осындай қасиеттi орындардың талапқа сай болуына көңiл бөлуiмiз қажет. Бұған әрбiр азамат мүмкiндiгiнше өз үлесiн қосса, нұр үстiне нұр.

Ерлан СЫЗДЫҚ, өлкетанушы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper