"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 334.11 +0.54   EUR: 394.65 +2.84   RUB: 5.81 0.00   


ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫҢ АТАУЫНА АБАЙ БОЛАЙЫҚ

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 10:11
ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫҢ АТАУЫНА АБАЙ БОЛАЙЫҚ

 

«Бастау лайланса, су тартылады, Рух лайланса, ел тұншығады» деген даналық сөз бар қазақта. Рух дегенiмiз – тiл, дiн, дiл, тарих. Бiз бабалар жасаған руханиятымызды жас ұрпаққа қалай насихаттап жүрмiз?

 

Соңғы кездерi тарихи орындар мен жер-су атауларын бұрмалап айту белең алып бара жатқандай. Кешегi кеңестiк кезеңде қазақ халқының тарихи жадын қасақана өшiру мақсатымен Шортанды – Щучье, Семей – Семипалатинск, Темiрлан – Тамерлановка, Шұбар Чубаровка деп аталды. Жарайды, өткенге салауат. Ал, бүгiнгiмiзге не жорық?!

Айтайын дегенiм, 2017 жылдың шiлде айының ортасында «Қазақ ТВ» (5-арна) арнасынан журналист Сергей Аксеновтiң Ақмешiт әулие туралы деректi фильмi көрсетiлдi. Фильм жақсы түсiрiлгенiмен, хабар барысында журналистiң әулиелi жердiң атауын бiрнеше рет бұзып айтқаны көңiлге қаяу салды. Аксенов «Ақмешiт» үңгiрiн «Бәйдiбек үңгiрi» деп атағаннан не ұтты? Журналист мырза кешiрiп қойсын, мұны өз басым Бәйдiбек бабаға құрмет деп емес, тарихи топонимикалық атауларды қазақтың жадынан әдейiлеп өшiру мақсатымен жасалған қадам ба деп қабылдадым. Өйткенi, Ақмешiт әулие «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясына (1-том, 190-бет) да осы атаумен енген. Бүгiнде бiр ауданның атын иеленiп отырған Бәйдiбек баба атауын бiр үңгiрге телiп қоюды өз басым құрмет деп қабылдай алмадым.

Қаншама ғасырлар бойы Ақмешiт болып келген киелi мекеннiң атауын ешбiр дәлел-дәйексiз өзгертуге ниеттену халықтың жадына, ұлттық тарихымызға жасалған қиянат емес пе? Сол себептi әр нәрсенi өз атымен атайық, әсiресе тарихи орындардың атауына абай болайық, кейiнгi ұрпақты шатастырмайық дегiм келедi.

Өмiрзақ РЫСБЕКОВ. Бәйдiбек ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper