"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ЖЕРГЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТА ДАЙЫНДАЛАДЫ

Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 11:04
ЖЕРГЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТА ДАЙЫНДАЛАДЫ

Қазақстанның агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы негiзiнде өңiрiмiзде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабiлеттi агроөнеркәсiптiк кешен (АӨК) өнiмiн өндiрудi қамтамасыз ету.

АӨК елдiң азық-түлiк және экономикалық қауiпсiздiгiн, сондай-ақ, ауылда жұмыс орнын қалыптастыру, қоныстану мәселелерiн шешетiн экономиканың маңызды секторының бiрi болып табылады.

Негiзiнде, Қазақстан АӨК-нi әрi қарай дамыту үшiн жақсы перспективаларға ие. Мәселен, май, ет өнiмдерiнiң экспорттық әлеуетi артуда, ал, астық пен ұн бойынша қысқа мерзiмде әлемдегi iрi экспорттаушы елдердiң қатарына ендi. Бұған Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болуы көп мүмкiндiк бердi, сонымен бiрге, елiмiз iшкi және сыртқы нарықта да бәсекеге қабiлеттi. Осыған байланысты АӨК-нi мемлекеттiк реттеудiң рөлi аса маңызды.

Елiмiзде ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемi туралы шынайы ақпарат алу үшiн топырақтық және геоботаникалық ауқымды зерттеу жасалуы қажет. Кемiнде 66 млн. гектар алаңның топырағына зерттеу жұмыстары жүргiзiлуi тиiс. Әдетте топырақтық және геоботаникалық карталар қағаз жүзiнде сақталады, ал, оларды ақпарат үшiн пайдалану бiршама қиындықтар туғызады. Осыған байланысты қолда бар топырақтық және геоботаникалық зерттеулерге өзгерiстер енгiзу, талдаулар жүргiзу қажет. Керектi анықтамаларды, кестелердi, диаграммаларды топырақ және өсiмдiк жабыны параметрлерiнiң өзгеру қарқынын қадағалау мүмкiндiгi үшiн электрондық форматта дайындаған жөн.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану, олардың деградациясын болдырмау мақсатында 33 млн. гектар алаңның топырағына, сондай-ақ, жайылымдық алқаптардың 33 млн. гектарына геоботаникалық зерттеу жүргiзiлiп, 30 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерiнiң топырақ бонитетiн анықтау қажет. Келесi кезекте қалалар мен ауылдық елдi мекендердегi 1175 есептiк орамдарға арналған электрондық жер-кадастрлық, сонымен қатар, 66 млн. гектар алаңда электрондық топырақтық және геоботаникалық карталар дайындау мәселесi тұр.

Бұдан басқа, жердi, жер телiмдерi иелерiн және жер пайдаланушыларды жер қорына дұрыс сандық есепке алу үшiн оларға ревизия жүргiзiлетiн болады. Сондай-ақ, жердiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезiнде оған ақы төлеудiң базалық мөлшерлемелерiне түзету коэффициенттерiн енгiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң сапалық сипаттамалары туралы өзектi деректер алынады. Осы мақсатта өңiрiмiзде жер ресурстары саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталып кетудi жөн көрдiк.

2017 жылы Арыс қаласы, Бәйдiбек, Отырар аудандарындағы 577,9 мың гектар жердiң топырағын зерттеу жоспарланған.

2018 жылы оның көлемiн 500 мың гектарға арттыру қарастырылуда, оның iшiнде Бәйдiбек ауданына 205 мың гектар, Сарыағаш ауданына 406,3 мың гектар тиесiлi.

2019 жылы Ордабасы, Төлеби, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарынан 500 мың гектар, 2020 жылы Сайрам, Шардара аудандары мен Түркiстан қаласынан 500 мың гектар, 2021 жылға қарай Созақ ауданы, Шымкент және Кентау қалаларынан көлемi 500-600 мың гектар жердiң топырағын зерттеу көзделуде.

2017-2021 жылдар аралығында облыс көлемiндегi ауыл шаруашылығы жерлерiнiң картасын 2500 мың гектар топырақ сипаттамасымен жаңарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, Түлкiбас ауданында 2009-2010 жылдарда жүргiзiлген топырақ зерттеулерi, сондай-ақ, 2004 жылдағы топырақ бонитетiн анықтау материалдары негiзiнде 14 ауылдық округiнiң (131,540 мың гектар), Отырар ауданы бойынша 11 ауыл округiнiң (584,600 мың гектар ауыл шаруашылық жерi), Арыс қаласында көлемi 6 ауыл округi шеңберiнде (427,385 мың гектар), Түркiстан қаласында 12 ауыл округiнiң (345,545 мың гектар) ауыл шаруашылық жерлерiне топырақ карталары, эрозияға ұшыраған жерлердiң картасы, топырақтың бонитет балын анықтау картограммаларының электрондық нұсқасы дайындалды. Ал, бұл электронды карта Мақтаарал ауданы бойынша 2003-2005 жылдарға дейiнгi топырақ бонитетiнiң картограммасы, топырақ тұздануының картограммасы негiзiнде әзiрленуде. Бәйдiбек ауданы бойынша 11 ауыл округi (721,853 мың гектар) кескiнiнде 2011-2017 жылдардағы және 2008-2009 жылғы топырақ бонитетiн анықтау материалдары негiзiнде электронды карта жасалуда.

Бұдан бөлек, Алматы қаласында орналасқан Агрохимиялық топырақ зерттеу және кешендi iздестiру жұмысы департаментiмен бiрге облыс көлемiнде 1,180 мың гектар жайылым және шабындық жерлердегi мал азығы қоры жөнiнде мәлiметтер және электрондық геоботаникалық карталар дайындалатын болады.

Д.ИСАБЕКОВ, «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы –Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментiнiң директоры, Б.ӘЛСЕЙIТОВ, топырақ зерттеу және мониторинг бөлiмiнiң басшысы.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper