"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«ҚАЗIР АДАМ СЕНБЕЙТIН ДҮНИЕ ҚАЛМАДЫ...»

Бейсенбі, 10 Тамыз 2017 10:19
«ҚАЗIР АДАМ СЕНБЕЙТIН ДҮНИЕ ҚАЛМАДЫ...»

«Шаншар» әзiл-сықақ театрының әртiсi Жүсiп АҚШОРАМЕН кездейсоқ ұшырасып қалдық. Қашанғыдай қарапайым қалпы. Қасындағы екi кiсiнi «кластастарым» деп таныстырды. Көпшiлiктiң сүйiктiсiне айналған өнер иесiнiң мектеп бiтiргенiне биыл 40 жыл болыпты. Күнi ертең сол мерейлi мереке аталып өтiлмек. Үш кластас дос соның қамымен жүр екен. Әңгiмемiз де осы төңiректе өрбiдi.

– Аға, жас көрiнесiз... Сахнадағы құстың қауырсынындай жеңiл қимылдарыңызға қарап, сiздi ешкiм мектеп бiтiргенiне қырық жыл болды деп ойламайды.

– Е, ол сахна ғой. Дегенмен, жалпы жеңiл қозғаламын. Көлiкке отырғаннан гөрi жаяу жүргендi ұнатамын. Жаяу жүрсем демалып қаламын.

– Әзiлдi сүйетiн қазақтың сiздi жақсы көрмейтiнi кем. Демек, сiздi жақсы көретiн қазақты сiздiң қай мектептен түлеп ұшқаныңыз да қызықтырады.

– Отырар ауданына қарасты «Шәуiлдiр» совхозындағы М.Әуезов атындағы орта мектептi бiтiрдiк. Сiз қазiр «мектептен өнерлi ме едiңiз?» деп сұрағалы отырсыз ғой. Сiз сұрамай тұрып өзiм жауап бере салайын сол сұраққа. Бiздiң класс өнерлi класс едi. Әбутәлiп Ахметов деген кластасым тәп-тәуiр домбырашы едi. Медеу Батырбеков деген кластасым баянның құлағында ойнайтын. Нұртай Тиметов, Оразхан Кенжеғұлов тамаша әншi-тiн. Ал, мен... Мен де сахнаға шығып, өлең айтқым келетiн. Бiрақ «Әбутәлiптiң, Медеудiң, Нұртайдың, Оразханның қасында мен кiммiн?!» деп ойлайтынмын. Сөйтiп сахнаға шығып ән айтуға, өнер көрсетуге  жүрексiнетiнмiн. Мен кейiн ашылдым...

– Ендi қырық жылдықтарыңызда өнердi негiзiнен өзiңiз көрсететiн шығарсыз.

– Өнерде жүрген достарыма рахмет, олар осы бiздiң мерекемiз өтетiн 11 тамыз күнi мен туған ауылға тегiн концерт бередi. Атап айтқанда, бұл күнi «Шаншар», облыстық әзiл-сықақ театры, «Алдараспан», «Нысана», «Шымкент шоу» сынды өнер ұжымдары  Көксарай ауылының тұрғындарына мерекелiк көңiл-күй сыйлайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дейтiн мақаласында «Туған жер» дейтiн тамаша бағдарлама бар. Кiндiк қаным тамған жерден тамырымды үзген емеспiн. Қолымнан келсе, ауылыма жақсылық жасағым келедi. Мектеп бiтiргенiме қырық жыл болғанда менiң қолымнан келген жақсылық осы болып тұр. Кейiнгiсiн тағы көре жатармыз.

–  Тамаша екен! Әркiм-ақ мектеп бiтiргендерiнiң пәленбай жылдығын осылай есте қалатындай етiп өткiзсе, қанеки! Құпия болмаса, бағдарламаларыңызда тағы не бар?

– Құпиясына құпия. Бiрақ менiң кластастарым өте ұйымшыл. Елбасының жоғарыдағы мақаласына орай бұрын еш жерде қолға алынбаған шараларды жүзеге асырмақшы. Уақтысы келгенде естiрсiздер.

– Жарайды, аға, «Шаншардың» жаңа нөмiрiмен қашан қауышамыз?

– Бұрын тек «Шаншармен» жүрген уақытта бiр жылда екi-үш нөмiр шығаратынбыз. Байқасаңыздар, қазiр киноға бұрыла бастадық, облыстық әзiл-сықақ театрындағы жұмысымыз бар, бүгiнде жылына бiр жаңа нөмiр ғана ұсынып жүрмiз. Негiзiнен жаңа қойылымдарымыз дайын. Уақтысын ойластырамыз.

– Мен сiздердiң соңғы уақытта көрермендердi тым сағындырып жiбергендерiңiзге қарап «сценарий тапшы шығар» деп ойлайтынмын...

–  Ол да бар. Әсiресе, сатирада сценаристер саусақпен санарлықтай ғана. «Шаншардағы» әзiлдердiң көбi, барлығы десек те болады, шынайы өмiрден алынады. Өйткенi, рөлдi сомдайтын әртiс оны көз алдына елестете алмаса, образ табылмаса, қойылым нанымды шықпайды. Қазiр адам сенбейтiн дүние қалмады ғой. Сондықтан шындыққа ұқсайтын қиялдарды да сценарийге қосып жатамыз. Сатирадағы сценарийдiң жұтаңдығы әзiрге әртiстердiң де сценариске айналуымен бiлiнбей тұр.

– Қазiр көп киноларды көрiп отырып қарның ашады. Киноның тiлi деген өз алдына бөлек сала емес пе едi?! Бүгiнгi қазақ кинолары мен сериалдарының көпшiлiгi мақаланың тiлiмен сөйлейдi. «Атап айтқанда...», «Өкiнiшке орай...», «Жұмыс жасап жатырмыз...» деген сияқты сөздердi кинодан еститiн болдық...

– Жасыратыны жоқ, көбiмiз кино мен өмiрдi шатастырып алып жүрмiз. Кинода сөзiн, сөйлемiн толық айтпай, бастырмалатып кете беретiн  кемшiлiктердi мен де байқап жүрмiн. Ал, киноның тiлiнде нақтылық болу керек. Киноның тiлi әдеби тiл мен ауызекi тiлдiң ортасындағы, көпшiлiкке ұғынықты тiл болуы керек. Ал, сериал дегенiңiз... Онда тiптi ештеңеге қарамайды. Өйткенi, уақыт тығыз. Оларға негiзгi оқиғаның желiсiн жеткiзе алса болғаны... Киноға түсiп жатқанда сценарийдегi мәтiндi өзiң қалай айтсаң, эфирге солай  шығады. «Мынаны былай айтыңыз» дейтiн ешкiм жоқ.

– Сонымен, ауылыңызға, қырық жылдықтарыңызға бара жатырсыз. Кiм болып бара жатырсыз, өзiңiз сомдаған «Томпақ» сериалындағы мектеп  директоры секiлдi үлкен кiсi болып бара жатырсыз ба, жоқ, Мұхтар Әуезов мектебiнiң кешегi оқушысы бала Жүсiп болып бара жатырсыз ба?

– Әрине, бала болып барамын. Адам жасы қаншаға келсе де туған жерге бала болып қалады емес пе?!

– «Тар жерде неге тоқтатасың?» деп қынжылмай жауап бергенiңiз үшiн рахмет, аға!

Сұхбаттасқан Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper