"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

АЛТЫН ҚОЛДЫ АЗАМАТ

Сейсенбі, 08 Тамыз 2017 10:27
АЛТЫН ҚОЛДЫ АЗАМАТ

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Әдетте қай елдi мекеннiң болса да ауыл, аудан, облыс көлемiне танымал, ресми билiк өкiлдерiнен басқа жергiлiктi тұрғындар ерекше құрмет тұтатын, оны отбасының ортақ мүшесiндей қабылдап жақын тартып жүретiн, шоқтығы биiк, ерен еңбегiмен елге танылған абыройлы азаматтары болады. Әрине, мұндай абырой биiгiне көтерiлу, даналық әлiппесiнiң бетiн ашқан бiртуар азаматтарға ғана бұйырары анық. Ел жүрегiнiң түкпiрiнен орын алған мұндай жандардың еңбектерi адал, есiмдерi өмiршең, атақ-абыройлары тұрақты әрi ұзақ болады.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрiгерi, медицина ғылымының докторы, профессор, ТМД елдерi хирургтерiнiң Н.А.Пирогов атындағы ассоциациясының және Қазақстан эндоскопиялық хирургтер ассоциациясы президиумының мүшесi Мәди Қожаұлы Биғалиев туралы таратып айтқанда жоғарыдағы теңеулерге бiрден-бiр лайықты маман осы кiсi екенiне дау қалмайды. Өңiрдiң медицина саласында  бұл азаматтың алатын орны тiптен ерекше. Егер сiз Оңтүстiк Қазақстан облысының кез келген ауданына барып, Мәди Қожаұлы туралы сұрасаңыз, «Е, ол кiсiнi кiм бiлмейдi, ол алтын қолды хирург қой» демесе, бiзге келiңiз. Неге? Өйткенi, бiздiң кейiпкерiмiз хирург ретiнде тума талант. Егер оташының өмiр жолына тереңiрек үңiлсеңiз, осы сөзiмiздiң оның дәреже-деңгейiн аспандату үшiн айтыла салған лебiз еместiгiне көзiңiз жете түседi.

Бiлiктi хирург Мәди Қожаұлының жан тебiренiстерiне құлақ түрелiкшi. «Дәрiгер-хирургтiң бойында мамандығымен қоса адамгершiлiк қасиетi мол болуы тиiс, екiншiден, өзiнше шешiм қабылдауда батылдау болғаны жөн. Әрине, денi сау адам ауруханаға келмейдi. Сол себептi пациенттiң айтуы бойынша аурудың барысын өзiңе аударып, сол кесел өзiңдi мазалап тұрғандай сезiмде болып, қабылдауың қажет. Қателеспейтiн адам болмайды. Алайда, медицина саласында хирургтiң қателесуiнiң соңы үлкен қайғыға ұрындырады. Сондықтан ол қателiктерге жол бермеуi тиiс» дейдi ол көңiл күнделiгiнде.

Өзiне осындай қатаң талап қоя бiлген ол хирургия саласындағы күрделi де болашағы бар  трансплантологиямен түбегейлi айналыса бастады. 2010 жылы шымкенттiк кардиохирургтермен бiрге дәрiгер-хирург  Мәди Бигалиев теңдессiз ота жасады. Олар бiр мезгiлде науқастың жүрегiне, бауырына және өтiне ота жасау мүмкiндiгiне ие болды. Қазақстанда осы кезге дейiн мұндай ота жасалмағанын еске түсiрсек, Мәди Қожаұлының  мықтылығын ерiксiз мойындайсыз.

Ал, 2013 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысында бiрiншi болып Оңтүстiк Корея университетi профессорларының қатысуымен бүйрек трансплантациясы операциясын жасап, медицинаның заманауи технологиясын өндiрiске батыл енгiздi. 2013 жылдың наурыз айынан бастап Мәди Биғалиевтiң тiкелей басшылығымен Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының базасында 72 бүйрек ауыстыру операциясы өтiптi. Жалпы, Оңтүстiк Қазақстан облысында 500-ден астам науқас бауыр ауруының әр түрi бойынша есепте тұр. Солардың көпшiлiгi трансплантация жасауды қажет етедi. Ал, керектi ағза табыла бермейдi. Дегенмен, соңғы үш жылда аталған ауруханада 9 рет бауыр алмастыру отасы жасалған. Оның үшеуi шетел мамандарының қатысуымен өткен.

Күнi кеше бауыр циррозына шалдыққан 28 жастағы науқасқа трансплантациялық ота жасалды. Рақым Әбуов бауырын суықтатып алып, осындай ауыр дертке душар болған. Оған туған ағасы донор болды. Ота кезiнде науқасқа ағасының бауырының 54 пайызы салынды. Бүгiнде ағайынды екеуiнiң де жағдайы жақсы. Оларға тек күтiм керек.

Бiр қуанарлығы, Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында жасалған оталардан кейiн науқастардың барлығы табандарынан тiк тұрып кеткен. Әрине, бұл — алтын қолды хирургтердiң бiлiктiлiгiнiң, тәжiрибелерiнiң молдығының жемiсi!

Бiлiктi маманды iздеген жанның оны үйiнен таба қоюы қиын. Ол қашан да ауруханада жүредi. Сондықтан Мәдидiң өзi «Аурухана – екiншi емес, бiрiншi үйiм. Өйткенi, өмiрiмнiң жартысы осында өтiп келедi» деп күледi. Расында, қимылы жiтi, жүрiс-тұрысы ширақ осы бiр жанның қашан келсеңiз де ота жасап жатқанының үстiнен түсесiз. Аурухананың хирургия бөлiмiнде жылына мыңнан астам ота жасалса, соның көпшiлiгi Мәди Қожаұлының қатысуымен iске асады екен. Әрбiр ота өмiр мен өлiмнiң бiтiспес арпалысымен өтедi. Мiне, осындай ажалмен арпалысқан қысылтаяң кезеңдегi хирургтiң жанкештi еңбегiн ерлiкпен пара-пар десек, сiрә да қателеспеймiз-ау. Ал, күн сайын дерлiк мұндай ерлiк қайталанып тұрады. Әрбiр ота от пен жалынның ортасымен өткеннен де ауыр. Хирургтiң қолы мен қандауыры сәл ғана қателессе бiр жауқазынның солары жасырын емес. Сондықтан ол әрбiр қимыл-қозғалысына дейiн өзiне-өзi есеп берiп тұрады. Маңдайдан шүмектеп төгiлген тер өз жемiсiн бергенде Мәди Қожаұлы кәдiмгiдей жеңiлдеп қалады. Сөз жоқ, әрбiр науқас ауруханаға үлкен үмiтпен келедi. Ал, оның отбасына шаттықпен оралуы —  хирург үшiн басты мақсат.

М.Биғалиев облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларымен келiсе отырып, Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердiң мамандарымен шеберлiк сағаттарын жиi өткiзiп тұрады. Соңғы жылдары нейрохирургиялық науқастарға (ми iсiгi, жұлын iсiгi), хирургиялық науқастарға (бауыр iсiгi, ас қорыту жүйесiнiң iсiгi), эндоурологиялық қызмет бойынша жоғары мамандандырылған көмек көрсетiле бастады. Айта кету керек, бұрын мұндай оталар Астана мен Алматы қалаларының алдыңғы қатарлы клиникаларында ғана жасалатын.

Жалпы, М.Биғалиев бас дәрiгерлiк қызметiнде аурухананың материалдық-техникалық базасын заманауи жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтармен толықтыруға әрдайым жiтi көңiл бөлiп келедi. Айталық, биохимиялық анализаторлар, рентген аппараттары, дәрiгерлерге науқастың iшкi құрылысындағы кiнәраттарды 5-7 минутта анықтауға көмектесетiн эндоскопиялық техника, Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында ғана болған УЗИ аппаратының 5 данасы Мәди Биғалиев басқаратын ауруханада ғана бар. Жаңа үлгiдегi медициналық құрал-жабдықтардың жеткiлiктi болуына байланысты аурухана жедел және жоспарлы хирургиялық, терапиялық және консультативтiк көмектi тек Шымкент қаласының тұрғындарына ғана емес, тұтас облыс тұрғындарына көрсетiп келедi.

Аурухананың тағы бiр мақтанышы – WOLF фирмасының гольмиялық лазер аппараты. Мұндай аппарат Қазақстан бойынша бiреу ғана. Бұл аппарат адам ағзасындағы ұсақ және iрi тастарды сау тiндерге зиянын тигiзбей майдалайды. Осы аппараттың сыңары Мәскеу емханасында науқастарға қызмет көрсетуде.

2011 жылы заманауи үлгiдегi «Brilliance CT64 Slice» компьютерлiк томографы сатылып алынды. Бұрындары мұндай аппарат Астана, Алматы қалаларының ауруханаларында және Шымкенттiң диагностикалық-консультативтiк орталығында ғана болатын. Томографтың арқасында мидың ауыр сырқаттарының алдын алуға қол жеткiзiлдi. Сонымен бiрге науқастарға дер кезiнде жоғары сапалы нейрохирургиялық көмек көрсетiледi.

Заманауи үлгiдегi озық технологияларға жаны құмар Мәди Қожаұлы үнемi бiлiмiн жетiлдiрiп отырады. Ол көптеген ғылыми еңбектердiң, 12 инновациялық патенттiң авторы. 56 еңбегi баспадан жарық көрдi. Мәди Қожаұлы 2 оқулықтың авторы.

Осыншама жемiстi еңбектiң арқасында бiздiң   кейiпкерiмiз көптеген марапаттарға ие болды. Оның барлығын санап тауысу мүмкiн емес. Бiз тек солардың қадау-қадауларына ғана тоқталмақпыз. Денсаулық сақтау саласына қосқан орасан зор еңбегi үшiн  ол «2000 жылдың үздiк дәрiгерi» болып танылды. 2011 жылы «ҚР Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» атанды. Ал, 2012 жылы «Құрмет» орденiмен марапатталды. 2014 жылы оған «Шымкент қаласының құрметтi азаматы» атағы берiлдi. Осы жылы, сондай-ақ, Ұлттық медициналық ассоциациясының республика тұрғындарының денсаулығы мен өмiрiн сақтауға сiңiрген зор еңбегi үшiн «Алтын дәрiгер» аталымына ие болды. 2015 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алтын скальпель» номинациясын иелендi. Сонымен бiрге, осы жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық бизнес-рейтингiнiң «Медицина саласындағы еңбегi үшiн» орденiмен әспеттелдi. «Ұлттық Медицина Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң «AVE VITAE» орденiмен, А.Н.Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының алтын медалiмен марапатталды. Қазақстан Республикасының игiлiгi жолындағы ерен еңбегi және жоғары кәсiби шеберлiгi үшiн «Үздiк адамдар» энциклопедиясы жанындағы қоғамдық сараптамалық-консультативтiк кеңес президиумының шешiмiмен «Үздiк адамдар» энциклопедиясының батыры» құрметтi белгiсiн иелендi. Мiне, осылардан соң Мәдидiң мүмкiндiк аясы айқындала түседi. Оның туған елiн қаншалықты сүйетiнi айшықталады. Демек, бiздiң кейiпкер – «100 жаңа есiм» жобасына әбден-ақ лайық.

Иә, дана қазақ «Бiрiншi байлық – денсаулық» деп текке айтпаған. Себебi, денi сау адам бақытты. Денi сау елдiң болашағы жарқын. Олай болса, Мәди Биғалиев секiлдi адамдарға бақыт сыйлайтын алтын қолды азаматтар барда жүрек лүпiлi ешқашан жаңылмайды!

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper