"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ЛЕНИННIҢ КҮРКЕСI

Сейсенбі, 08 Тамыз 2017 10:15
ЛЕНИННIҢ КҮРКЕСI

Осыдан 100 жыл бұрын, 1917 жылы Ресейдiң астанасы Петроград өмiрi астан-кестең болып, бұрқ-сарқ қайнап жатты. Соғыс жүрiп жатыр. Патша тақтан тайдырылған. Уақытша Үкiмет орнаған. Уақытша Үкiметке наразылық өте күштi. Жұмысшылар, әскерлер көшеге шығып, бой көрсетуде. 18 маусымда 500 мыңдай адам қатысқан шеру өттi. Осы күнi Ресей әскерi батыс майданда жаппай шабуылға шықты. Бiрақ, тойтарылып тасталды, iле кадет партиясының министр-өкiлдерi Үкiмет құрамынан шығып, Үкiмет дағдарысы туды. Бұл – Үкiметке наразылықты бiржолата асқындырып жiбердi. 3 шiлдеде Петроград гарнизонының     1-пулемет полкi Үкiметтi құлатпақшы болып, көшеге шықты. Үкiмет өзiне сенiмдi әскерлердi оған қарсы қойды. Майданнан әскер әкелiнiп, 5 шiлдеде көтерiлiс басып тасталды. 400-дей адам қаза тапты.

Үкiметке қарсы көтерiлудi большевиктер ұйымдастырды делiнiп, Лениндi тұтқындап, сотқа беру туралы үкiметтiк қаулы шықты. Ленин жедел түрде М.Л.Сулимованың қала iшiндегi жасырын пәтерiне жасырынды. Бiрақ, ол қауiптi көрiнiп, «Рено» зауытының күзетшiлер будкасына ауысты. Бұл жерден де тез кету керек болып, Феофанованың «Леснойдағы» пәтерiне барып бой тасалайды. Осында серiктерiмен кездеседi. Орджоникидзе: «Ильич сотқа барып, бiздiң көтерiлiс ұйымдастырмағанымызды айтсын. Сонда халық бiздi қолдай түседi» дейдi. Бiрақ, «Ильичтi түрмеге де, сотқа да жеткiзбей, жолда атып тастайды» деген пiкiрлер айтылғанмен, бұл ұсыныс қабылданбады. В.И.Ленин 6 шiлдеге қараған түндi Н.Полетаевтың Мытнинск көшесiндегi пәтерiнде  өткiзiп, ертеңiне С.Аллилуевтiң пәтерiнде жасырынды. Бұл кiсi Сталиннiң болашақ қайын атасы, 1896 жылдан партия мүшесi, өте сенiмдi адам болатын. Алайда, мұнда да ұзақ қалуға болмады: көшеде, үй төңiрегiнде ары-берi «қыдырыстап» жүрген бейтаныстар көзге түсе бастады...

9 шiлдеде князь Львов Үкiмет төрағалығынан түсiп, соғыс министрi 36 жастағы Керенский министр-төраға (премьер-министр) болды. Ол: «Лениндi қалай да тұтқындау керек!» деген талап қойды. Iздеу, тексеру мейлiнше күшейдi. Ендi қайда жасырынуға болады? Нағыз қиын сәт туды. Ол қиындықтан «Сестрорецк» зауытының большевиктерi шығарды. Олар зауыт жұмысшысы, 1904 жылдан партия мүшесi, Николай Александрович Емельяновтың үйiнде бой тасалауды ұсынды. Ленин 9 шiлденiң түнiнде пойызбен Разлив селосындағы Емельяновтың үйiне келедi. «Сестрорецкi» Петроградтың терiстiгiнде, Фин шығанағының жиегiнде едi. Түстiгi – шағын көл. Көлдiң шығыс бетi – жұмысшылар поселкесi әрi саяжайлы шабындық. Емельянов үйiнiң ауласында шағын сарай (времянка) бар едi. Ленин алғашқыда осы сарайда Зиновьев екеуi тұрды. Бұрындары Зиновьевпен бiрге болғаны айтылмайтын. Зиновьев атылып кеткендiктен, ол ауызға алынбайтын. Екеуi бiрер күннен соң күркеге шықты.

Ильич пен Зиновьевтiң қауiпсiздiгi және олардың жақсы тынығуы үшiн Емельянов пен оның отбасы бар жағдайды жасады. Дастарқан  жаюлы, киiм жуулы. Балаларының үлкенi Николай балық аулап, сорпа дайындайды. Кондратий мен Анатолий қайықпен көлден өтiп, зауыт жақтан газет әкеледi. Ал, Александр күркеге жақын маңда бейтаныс адам көрiнсе, жапалақ құсша уiлдейтiн.

Дегенмен, күз жақындап, ауа райы бұзылып, күркеде бұдан әрi тұру мүмкiн болмады. 9 тамызға қараған түнде Ленин пойызбен Финляндияға өтiп кеттi. Бұл жерде Зиновьев қамауда болатын. Ал, Емельянов «халық жауын» Ленинмен қосып жазғаны үшiн, тағы басқа да айыптаумен Омбыға жер аударылады. Балалары да «халық жауы» атанды. Кондратий мен Николай атылды. Анатолий тұтқындалған бойда хабарсыз кеттi. Александр Воркута жаққа айдалды...

Емельянов жер аударылу жазасын өтеп, соғыстан кейiн Разливке оралды. КСРО-ға Броз Тито келетiн болып, Лениннiң күркесiн көрудi және Емельяновпен жолығуды ниет еткенде, Үкiмет жедел түрде Емельяновты Ленин орденiмен марапаттайды. Әрине, ол өзiнiң жер аударылуда болғанын, балаларының атылғанын айтуға тиiстi емес едi...

Қазiр Разливте өзiмен аттас немересi және немере қызы Нина, олардан тараған үрiм-бұтағы тұрып жатыр. Ал, сарай шыны саркофагпен қапталған, күркенiң жамылғы пiшенi жыл сайын ауыстырылады. Кеңес Одағы тұсында ол жерге  күн сайын 5 мыңға тарта турист келетiн. Ендi жағдай өзгерген. Келе қойғандар болса, билет сатып алып, сарай мен күркенi көрiп шығады.

Тарихқа енгiзiлiп, аңыз етiп айтылатын, қасиеттi орын етiп саналған Ленин күркесi мен оның өмiрiн сақтап қалған Емельянов пен оның балаларының тағдыры осындай.

Дайындаған С.КӘДЕЕВ.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper