"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Құт болып келген бес қозы

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 10:55
Құт болып келген бес қозы

Дилара БИМЕНОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Қазығұрт ауданының, Жаңабазар ауылында тұратын Сарыпбек Жаңабаев ақсақал «Ол кезде жаспын. Базардан жаяу арқалап әкелген тоқтым бес бірдей қозы туып, ерекше қуанғаным есімнен кетпейді» дейді. Бұрын ел естіп-көрмеген бұл оқиға жайында өзі сол кезде ешкімге тіс жармапты.

Пендесіне беремін десе Құдайға қиын ба, сексенінші жылдары оның қорасындағы қойлары егізден, үшеуден төлдей бастапты. Ал, базардан әкелген сол тоқтысы бірінші тумасында-ақ бес қозы туған. Қой малының көбінде тұсаққа ілінгенде ғана қоздайтынын ескерсек, мына тоқты расында да шопанға құт болып келген ғой. Мұны Сарыпбек ағаның өзі әуелі Жаратқанның сыйы, содан кейін өзінің тынымсыз еңбегінің арқасы деп біледі.

Қой – ол кезде ауылдың валютасы еді. Қойдан айырылу ақшадан айырылумен тең.

«Мектеп-интернатта оқимын. Жексенбіде кезекші мұғалімнен сұранып, үй-жайды, қора-қопсыны тазалауға жәрдемдесуге келгенмін. Әкем есік алдында отыр екен. Қабағы қатыңқы. Жақын маңайдан мал көрінбейді.

– Е, балам, біз енді қой бақпаймыз, – деді.

– Отарды түгелдей Марқабайға өткіздік.

Мұны ести сала үйде ілулі тұрған мылтықты алып Марқабайдікіне тарттым. Оны көрген бойда:

– Көке, мұныңыз қалай? Қыстай төлдеткен малды сізге жайдан-жай бере салмаймын. Қойымызды қазір қайтармасаңыз, арты жақсы болмайды, – дедім.

– Қайдағы қой саған? Қой түгілі, ешкіні де сеніп тапсыра алмаймыз, – деді олар. Ал, мен Марқабайға мылтығымды кезенген күйі міз бақпай тұрмын. Қадала қараған оқты көзімнен сескенді ме, әйтеуір, ақылдаса келе отарды қайтарып берді, – дейді Сарыпбек аға.

Осылайша, жеті жасында-ақ малға араласқан Сарыпбек Жаңабаев намысқа тырысып елдің алды болуды мақсат етті. Уақыт өте келе сол кездегі Ленин ауданындағы «Коммунизм» кеңшары аға шопанының есімі жалпақ жұртқа жайылды. Жүз саулықтан 190 қозы алды. Екінші, үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері кеудесінде жарқырады. Есімі облысқа танымал болған шопан табысының бір сырын баяғы бес қозы туған тоқтыдан іздейді... «Сол тоқты құт болып келді» дейді. Ал, мына суретті 1984 жылы «Оңтүстік Қазақстанның» штаттан тыс фототілшісі Р.Айтубаев түсірген. Мұнда «Коммунизм» кеңшарының аға шопаны С.Жаңабаевтың (оң жақта) көктемдегі төл алу науқанындағы бір сәті бейнеленген. Еңбек адамының бейнесі... Баста құлақшын, үстінде күпәйке, ал, іші руханиятқа толы алтын сандық. Осыдан кейін өткен шақты қалай сағынбайсың...

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper