"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ӨМІР ОНЫ МЕЙІРІМДІ БОЛУҒА ҮЙРЕТТІ

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 11:01
ӨМІР ОНЫ МЕЙІРІМДІ БОЛУҒА ҮЙРЕТТІ

Оның өмірі, өмірлік көзқарасы сол бір оқиғадан кейін күрт өзгерді. Сол бір оқиға туабітті мінезін, болмысын да өзгертіп жіберді. Бұрынғы қиқар, «бұзық» қыз содан кейін айналасына ерекше мейіріммен қарауды үйренді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр Отан партиясы Шымкент қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының басшысы, «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің негізін қалаушы Ботагөз Ерманқызы.

 

          2011 жылдың мамыр айының соңғы күндері еді. Мектепті енді тәмамдаған Ботагөз әпкесі мен жездесіне еріп ауылға аттанған. Кенет... Бұлар жол апатына ұшырады. Жездесі оқиға орнында қаза тауып, Ботагөз бен әпкесі жақын жердегі ауруханаға жеткізілген. Көлік терезесінен шығып кеткен мұның жарақаттары тым ауыр еді. Ауруханаға түскен өрімдей қыз бірнеше күн бойы өмір мен өлімнің ортасында арпалысты. Есін жиып, қалыпқа түскенімен, мүгедектер арбасына отыруға тура келді. Бірте-бірте ауруынан айығып, аяққа енді тұра бастаған Ботагөздің өмірінде тағы бір қайғылы оқиға орын алады. Абайсызда екінші қабаттан құлап кетіп, мертігеді. Осылайша өмірінде екінші мәрте мүгедектер арбасына таңылуға тура келеді.

          Міне, осы оқиғалардың барлығы бұған дейінгі қиқарлау, ерке қыздың өмірінің, мінезінің өзгеруіне себеп болыпты.

          – Сол жазда басымнан өткен жағдайдың бәрі қатты әсер етті. Ауруханадан мүлде басқа адам болып оралғандаймын. Арбамен, балдақпен жүргенімді көрген көшедегі адамдар аяушылықпен қарайды. Көмектесіп жіберуге дайын тұрады. Осыдан кейін менде бейтаныс адамдарға деген бөлек көзқарас пайда болды. Айналама мейіріммен қарауға ұмтылдым, – дейді ол.

          Арбаға таңылған жас қыздың ең қиналған кезі студент атанған шағы болыпты. Жаңа ортаға мұндай халімен сіңісіп кету оңай тимеген. «Бір аудиториядан екінші аудиторияға жету қиынға соқты. Жоғары қабаттарға көтерілу «бас ауруым» еді. Шүкір деп айтамын, біздің қоғамда мейірімді, жанашыр жандар тіпті көп екен. Автобусқа кірсем жасы үлкен кісілер де орын беріп жатады. Намыстанып кетемін. Құр намыстан не пайда?! Шара жоқтығына налимын, оңаша қалсам көзімнің жасын сығып та аламын» деп өткенін еске алады кейіпкеріміз.

          Болашаққа деген үміті мен үздіксіз жаттығулар оны аяққа тұрғызды. Сол сәттен бастап ол адамдарға мейіріммен қарауға, қайырымды болуға бел буды. Дүкеннен 1 келі тәтті сатып алып, балалар үйіне аттанды. Одан кейін бұл оның дағдысына айналды. Тіпті алғаш барғанда мойнына таққан алтын алқасын сондағы қыздардың біріне сыйлай салған. Сондағы арманы қамкөңіл балаларды қуанту, олардың көңілін аулау болатын. Олардың қуанғанын, күлгенін көріп марқаятын. Оларды суретке түсіріп, әлеуметтік желіде достарымен бөлісетін. Оны көргендер Ботагөздің қатарына қосылып, балалар үйіне топ болып баратын-ды.

          Ботагөз М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да оқи жүріп, жастардың көшбасшысы бола білді. Әсіресе, қоғамдық өмірде белсенді, қайырымдылық жасауға жаны құштар жастарды жанына жинады. Алғаш Темірландағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға көмектесті. 2014 жылы алғаш рет Ботагөздің бастамасымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қайырымды жастар Әділ есімді науқас баланың емі үшін қаражат жинады. Жиналған қаражат жеткіліксіз, не істемек керек, демеушіні қайдан іздемек? Ботагөздің ойына ең алдымен «Ордабасы» футбол клубы түседі. Алайда, клуб ұжымымен жолығудың сәті үшінші күні түседі. Қолында плакат, бар жан-тәнімен ауыр науқасқа ұшыраған баланың жағдайын айтып әлек. Олар келесі күні келуін өтінеді. Келесі күні Ботагөздің қолына клуб басшылары 300 мың теңгені ұстатады. Ботагөз сол кездегі қуанышында шек болмағанын жасыра алмады. «Көшедегі бар адамды құшақтап, сүйгім келді. «Жасасын, мейірімді адамдар!» деп айқайлағым келді» дейді ол.

          Сол жылы облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бұрынғы басшысы Ерлан Айтбаевтың ұйытқы болуымен «Бізбен бірге» еріктілер мектебі құрылып, оның басшысы болып Ботагөз сайланады. Содан бері біршама қайырымды істердің басында жүр.

          - Қайырымдылық жасау көрер көзге оңай көрінгенімен, өте қиын. Балаларға сыйлық үлестірерде кейбір ата-аналар екі-үшеуден алып кетіп, өзгелерге жетпей қалып жатады. Ашуға булығып, еріктілерге қол көтерген кездері де болды. Осының барлығын ұйымдастырып жүрген маған да қаншама ауыр сөздер айтылды, – дейді Ботагөз.

          Ботагөздің ендігі арманы әр оқу орнында еріктілер мектебін ашу. Ерікті болу  қайырымдылық жасаумен ғана шектелмей, жастардың бойындағы көшбасшылық қасиетті дамыта деп есептейді Ботагөз. Өжет те батыл мінезімен талай қиындықты жеңген кейіпкеріміз әлі көп белесті бағындарады деп үміттенеміз.

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper